Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің ұлттық жобасы аясында еліміздің қоғамдық-саяси қайраткері Мұстафа Шоқай «Петербург тұлғасы» медалімен марапатталды

18.09.2008

Санкт-Петербург қаласының наградалар бойынша салааралық біріккен комитеті мен гуманитарлық қоры Санкт-Петербургтің ғылым, мәдениет және өнер салаларының дамуына қосқан орасан зор үлесі үшін қоғамдық-саяси қайраткер, ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі, публицист Мұстафа Шоқайды «Петербург тұлғасы» («Личность Петербурга») медалімен марапаттады.

Сонымен бірге Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жастар одағы және халықаралық Алаш сыйлықтарының лауреаты, БТА Банкі Бренд-кеңсесінің бөлім бастығы, «Мұстафа Шоқай жолымен» жобасының жетекшісі Қасымхан Бегманов «Шынайы ынта-ықыласы үшін» («За усердие») медалімен марапатталды.

«БТА Банкі» АҚ «Мұстафа Шоқай жолымен» ұлттық жобасын 2008 жылдан бастап жүзеге асыра бастады. Бір жыл ішінде журналистерден, тарихшылардан, жазушылардан құралған қазақстандық делегация М. Шоқай өмір сүріп, қызмет еткен елдерде болып, ұлы тұлғаның өмірі мен қызметі туралы материалдар мен құжаттарды зерттеп, ғалымдармен, мұражай қызметкерлерімен кездесіп, мемлекеттік және жеке мұрағаттармен танысып қайтты.

Бүгінгі күнге дейін жобаға қатысушылар Өзбекстанда (Ташкент, Ферғана, Қоқан), Қызылорда облысында ( Қызылорда қ. Шиелі аудан орталығында, Наршоқыда, Сұлу төбе бекетінде), Стамбул мен Санкт-Петербург қалаларында болып қайтты. Жылдың аяғына дейін делегация Кавказ (Тбилиси, Баку, Батуми) және Еуропа (Париж, Ножан, Шелл, Берлин) елдеріне жолсапарға аттанбақ.

«Мұстафа Шоқай жолымен» жобасының мақсаты – қазақ халқының ұлы перзенттерінің бірі Мұстафа Шоқай туралы қалтарыста қалған, тарих қойнауында жатқан архивтерді ашып, тың деректерді жариялау.

БТА Банкі аталмыш жоба М. Шоқайдың еліміздің тарихында алатын орны мен рөлін терең жан-жақты талдаулар жасап, анықтап, түркі халықтарын азат ету жолында атқарған таңғажайып қызметі мен күрескерлігін барынша насихаттауға мүмкіндік береді деп сенеді. Жоба аясында БТА республикалық басылымдарда бірқатар материалдар жариялап, М. Шоқайдың өмірі мен қызметі жайлы Қ. Бегмановтың авторлығымен кітап жариялауды және деректі фильм әзірлеуді жоспарлап отыр.

"БТА Банкі"АҚ - ТМД аумағындағы көшбасшы банк желілерінің бірі.

2008 жылдың бірінші жарты жылындағы қорытынды бойынша "БТА Банкі" АҚ-ының шоғырландырылған активтері 3356 млрд. теңгені (27,8 млрд. $), капиталы - 474 млрд. теңгені (3,9 млрд. $) құрады. "БТА Банкі" АҚ шоғырландырылған таза пайдасы бірінші жарты жылдың қорытындысы бойынша 27 830 млн. теңгені (231 млн. $) құрады.

БТА стратегиялық серіктес банктері Ресейді, Украинаны, Беларусьті, Грузияны, Арменияны, Қырғызстан мен Түркияны қамтиды. БТА-ның Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ-де өкілдіктері жұмыс істейді.

«БТА Банкі» АҚ-ының Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 274 бөлімшесі), сондай-ақ өзіне өзі қызмет көрсететін ірі банкоматтар желісі (800) бар. 1,2 млн. жеке меншік және 100 мың корпоративтік клиенттерге БТА Банкінің қызметін пайдаланады.

2008 жылы белгілі The Banker іскерлік журналының ұсынысы бойынша «БТА Банкі» АҚ әлемнің үздік банктері тізіміндегі 295 орыннан 173 орынға көтеріліп, бір жыл ішінде 100 пункте өсті. 2006-2007 жылдары БТА Банкі беделді «Итоги» қаржы басылымы жүргізген ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша «ТМД-дағы жылдың үздік банкі», сондай-ақ «Euromoney» халықаралық басылымының ұсынуы бойынша «Орта Азиядағы үздік банк» атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблея (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағын берді.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
«БТА Банкі» АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@ bta.kz