Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

HSBC халықаралық даму стратегиясын әзірлеуде «БТА Банкінің» кеңесшісі қызметін атқарады

24.09.2008

HSBC Bank plc  БТА бизнесін стратегиялық кеңейту мәселелері бойынша «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің және Басқармасының кеңесшісі қызметін атқарады, банк тобы бірегей аумақтық  желісі арқылы ТМД аумағындағы ірі жеке меншік қаржы тобы болуды көздеп отыр.

HSBC міндеті -  толық стратегиялық талдау жасау және БТА Банкінің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға көмектесу. Атап айтқанда, HSBC сарапшылары  БТА қызметінің тиімділігін арттыру, шетелдегі еншілес кәсіпорындар мен әлеуетті үлестес  тұлғаларды шоғырландыру және олардың  қызметін жетілдіру үдерісі, сондай-ақ банктің корпоративтік құрылымын қайта құрылымдау, БТА-ның шетелдік бөлімшелерін, капиталды және қаржылық құрылымдарды корпоративтік басқару мәселелері бойынша кеңес береді.

«Біз 2030 жылға қарай БТА халықаралық ірі қаржы топтарының бірі болатынын жуырда ғана мәлімдеген едік. Қазіргі таңда біз осындай топтардың даму тәжірибесін зерттедік. Он жыл уақыт ішінде HSBC тобы кейінгі кезде орын алған әлемдік қаржы нарығындағы тұрақсыздыққа қарамастан,  тұрақты дамудың таңқаларлық нәтижелерін көрсетті. HSBC-тің  көмегімен біз өнімдерімізді ұсынатын нарықтардағы өз  жайғасымдарымызды нығайтуға және жаңа нарықтардан орын алуға тырысамыз», - деп атап өтті «БТА Банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы Мұхтар Әблязов.

Өзінің даму стратегиясына сәйкес БТА Банкі өзінің Қазақстан мен ТМД нарықтарындағы зор тәжірибесі, сондай-ақ стратегиялық серіктес банктері мен еншілес құрылымдары арқылы  қаржы қызметтерін ұсыну бойынша әлемдік көшбасшы болуды жоспарлап отыр.  Сонымен БТА  Банкі жеке тұлғалар мен корпоративті клиенттерге банктік және сақтандыру өнімдерінің толық спектрін ұсынады.  

БТА Банкінің 2015 жылға арналған  даму стратегиясы банк қызметін әрі қарай  шоғырландыруды және географиялық кеңейтуді көздейді.  БТА Тобы Қазақстанның банктік қызметтер нарығының 25%-ын иемденуді, Ресей нарығындағы өз үлесін 2%-ға дейін және ТМД-ның басқа мемлекеттері  нарықтарындағы үлесін  кем дегенде 5%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. .

"БТА Банкі" АҚ  - ТМД аумағындағы көшбасшы банк желілерінің бірі.

2008 жылдың бірінші жарты жылындағы қорытынды бойынша "БТА Банкі" АҚ-ның   шоғырландырылған активтері 3356 млрд. теңгені (27,8 млрд. $), капиталы - 474 млрд. теңгені (3,9 млрд. $) құрады. "БТА Банкі" АҚ-ның  шоғырландырылған  таза пайдасы бірінші жарты жылдың қорытындысы бойынша 27 830 млн. теңгені (231 млн. $) құрады.

«БТА Банкі» АҚ-ның серіктес банктері  желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытай мен  БАӘ-де жұмыс істейді.

«БТА Банкі» АҚ-ның  Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі  филиалдар желісі  (22 филиалы мен 274 бөлімшесі), сондай-ақ өз-өзіне қызмет көрсететін ірі банкоматтар желісі (800) бар.  БТА Банкінің қызметін 1,2 млн. жеке меншік және 100 мың корпоративтік клиенттер пайдаланады.

2008 жылы белгілі The Banker танымал іскерлік журналының ұсынысы бойынша «БТА Банкі» АҚ әлемнің үздік банктері тізіміндегі 295 орыннан  173 орынға көтеріліп,  бір жыл ішінде 100 пунктке алға жылжыды. 2006-2007 жылдары БТА Банкі беделді «Итоги» қаржы басылымы жүргізген  ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша  «ТМД-дағы жылдың үздік банкі», сондай-ақ   «Euromoney» халықаралық басылымының ұсынуы бойынша «Орта Азиядағы үздік банк» атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблея (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға Еуразия аймағының банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe»)  атағын берді.


HSBC тобы –  банктік және қаржылық  қызметтер көрсету бойынша әлемдегі ең ірі  қаржы ұйымдарының бірі. Аталмыш топ Еуропаның, Азиялық-Тынық мұхит аймақтың, Солтүстік және Оңтүстік Американың, Таяу Шығыс пен Африканың 85 еліндегі 9500-ден астам бөлімшелерде өз клиенттеріне қызмет көрсетеді. 

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
«БТА Банкі» АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
+7 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@ bta.kz