Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

24-25 қыркүйек күндері 30-ға жуық елден келген 500-ден астам адам IX Алматы банкаралық конференциясына қатысады

24.09.2008

24-25 қыркүйек күндері Алматыда «InterContinental Hotel – The Ankara in Kazakhstan» қонақүйінде «БТА Банкі» АҚ-ының ұйымдастыруымен әлемдік банк және қаржы қоғамдастығының басқосуы – IX Алматы банкаралық  конференциясы (АБК) өтеді.

Әлемдік нарықтардағы қазіргі жағдай «Әлемдік дағдарыс: ТМД-ның банк жүйелері – ойынның жаңа ережелері» деп аталатын биылғы конференция тақырыбының өзектілігін  айқындайды. Әлемдегі экономиканың тұрақсыздануы неге әкеліп соғуы мүмкін? Ол посткеңестік кеңістік елдеріне қалай әсер етеді? Ұлттық экономикалардың  құлдырамауы үшін не істеу керек және бұл белгісіздік кезеңі қашанға дейін жалғасады? Дағдарысты жеңу стратегиясы неге негізделуі керек?

Екі күнге созылатын  АБК  жұмысы уақытында орталық және коммерциялық банктердің, мемлекеттік құрылымдардың, қор және валюта биржаларының, инвестициялық қорлардың, рейтингілік агенттіктердің, аудиторлық және заң компанияларының, халықаралық ұйымдардың  топ-менеджерлері өз идеяларымен, концепцияларымен және шешімдерімен бөліседі.   

Талқыланатын тақырыптар деңгейі мен жұмыс ауқымы бойынша АБК ТМД-дағы ең ірі бизнес-форумдар үштігіне енеді. Конференцияға қатысушылар санының күннен күнге артуы  осыны көрсетеді: өткен жылдары конференцияға 8 мыңнан астам адам қатысты, ал қатысушылардың географиясы ТМД, Еуропа, Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Солтүстік Америка сияқты 30 елден асты.

АБК тұңғыш  рет 2000 жылы өткізілді. 2005 жылдан бері конференцияны БТА Банкі ұйымдастырып келеді.  

"БТА Банкі" АҚ ТМД аумағындағы  банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі. 

2008 жылдың  бірінші жартыжылдығындағы қорытынды бойынша «БТА Банкі» АҚ-ының шоғырландырылған активтері 3 356 млрд. теңгеге (27,8 млрд. АҚШ долларына) жетіп,  капиталы - 474 млрд. теңгені (3,9 млрд. АҚШ доллары) құрады. Бірінші жарты жылдың қорытындысы бойынша «БТА Банкі» АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 27 830 млн. теңгені (231 млн. $) құрады.

«БТА Банкі» АҚ  стратегиялық серіктес банктер желісі   Ресейге, Украинаға, Беларуське, Грузияға, Арменияға, Қырғызстан мен Түркияға тарайды. БТА-ның Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де өкілдіктері бар.

«БТА Банкі» АҚ-ның  Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі  филиалдар желісі  (22 филиалы мен 275 бөлімшесі), сондай-ақ өз-өзіне қызмет көрсететін ірі банкоматтар желісі (160) бар.  БТА Банкінің қызметін 1,2 млн. жеке меншік және 100 мың корпоративтік клиенттер пайдаланады.

2008 жылы The Banker іскер журналының ұсынысы бойынша «БТА Банкі» АҚ әлемнің үздік банктері тізіміндегі 295 орыннан  173 орынға көтеріліп,  бір жыл ішінде 100 пункте өсті. 2006-2007 жылдары БТА Банкі беделді «Итоги» қаржы басылымы жүргізген  ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша  «ТМД-дағы жылдың үздік банкі», сондай-ақ   «Euromoney» халықаралық басылымының ұсынуы бойынша «Орта Азиядағы үздік банк» атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблея (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe»)  атағын берді. 

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
«БТА Банкі» АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@ bta.kz