Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің қолдауымен Астана мен Алматы қалаларында «Отанымыздағы концерттер» классикалық өнер фестивалінің IV маусымы өтеді

01.10.2008

3-4 қазан күндері Астанада және 7-8 қазан күндері Алматыда Қазақстанның мәдени өміріндегі ең тамаша және көптен күткен  оқиғалардың бірі – «Отанымыздағы концерттер» классикалық өнердің IV музыка фестивалі өтеді. Дәстүр бойынша биыл да фестивальді  «Әлем Арт» қоғамдық қоры мен БТА Банкі ұйымдастырады.

Фестиваль әр  жыл  сайын  шетелдерде өздерін мойындата білген және еліміздің  абыройын асқақтатып жүрген Қазақстаннан шыққан жас талантты орындаушылардың шығармашылығымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.

«Әлем Арт» қоры мен «БТА Банкі» АҚ үстіміздегі жылы Конгресс-холл сахнасында (Астана қ.) және Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясында (Алматы қ.) Альфия Каримова (сопрано, Ресей), Раушан Ахмедиярова (скрипка, АҚШ), Ләззат Абдуллина (виолончель, Франция), сондай-ақ балет  әншілері Нұрлан Әбуғалиев (АҚШ) пен  Руслан Мұхаметқалиев (Ресей) сияқты өнерпаздардың өнерін тамашалауға шақырады.

Сондай-ақ фестивальға Әділ Бестібаев (композитор, Ресей), Бақыт Бижанов (скрипка, Ресей), Нұржан Байбосынов (дирижер, Ресей-Қазақстан), Батыр Хасенов (контрабас, Ресей), Талғат Қожабаев (балет әншісі, Ресей), Медет Шотабаев (тенор, Италия), Андрей Трегубенко (баритон, Италия), Жібек Қожахметовалар (фортепиано, Швейцария) қатысады.

«Отанымыздағы концерттер» аясында Әділ Бестібаевтың (композитор, Ресей), «Тәңірге құрбандық шалу» (Codex Comanocus) деп аталатын ежелгі түрік жазбасының симфониялық нұсқасының тұсаукесері өтеді. Сондай-ақ Қазақстанда тұңғыш рет Нұрлан Әбуғалиев (балет әншісі, АҚШ) пен Кумико Такиючи ( балет әншісі, АҚШ) Джулио Каччинидің музыкасына жазылған Дуайт Родэннің “Ave Maria” қойылымын орындайды.

БАҚ үшін:
Баспасөз мәслихаты (Астана қ.)  - 2008 жылғы 2 қазан, Конгресс-холл
Баспасөз мәслихаты (Алматы қ.)  - 2008 жылғы 6 қазан, Қазақстан баспасөз клубы

«Әлем Арт» қоғамдық қоры  – үкіметтік емес, табыс таппайтын қоғамдық ұйым,  өз қызметін «БТА Банкі» АҚ-ының қолдауымен жүзеге асырады. Қордың мақсаты ұлттық мәдениетімізді  жақын және алыс шет елдерде насихаттау, насихаттауға көмектесу және техникалық қолдау көрсету болып табылады. Қор әлеуметтік жобалар, қайырымдылық акцияларын, мәдени іс-шаралар және басқа да қоғамдық-пайдалы бағдарламалар әзірлеумен және  өткізумен айналысады. Қор құрылғалы бері «Грузиядағы Қазақстан күндерін», «Қазақстандағы Грузия күндерін» өткізді, «Ақ сарай» мюзикл театрымен  «Керулен» ансамбліне қолдау көрсетіп келеді.  Сондай-ақ «Отанымыздағы концерттер» Ш-інші музыка фестивалін, Б. Төлегенова атындағы халықаралық вокалистер байқауын, «Жаңа толқын», «Almaty Fashion Week» халықаралық жас орындаушылар байқауын ұйымдастырды.

  Сұхбат алу үшін  және хабарландыруды жариялау жөнінде
+7 (727) 293-80-89
+7 (701) 479-97-01 телефондарына
«Әлем Арт» ҚҚ, Әсел Жетмековаға хабарласыңыздар.
www.alemart.kz

БАҚ-пен байланысу үшін :
Жанна Шамова,
«БТА Банкі» АҚ-ының  қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
+7 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@ bta.kz