Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ-ының әртараптандырылған төлем құқықтарын секьюритизациялау жөніндегі мәмілесі Еуропаның дамушы нарықтарындағы үздік мәміле атанды

13.10.2008

Әртараптандырылған төлем құқықтарын (ӘТҚ) секьюритизациялау жөніндегі БТА Банкінің мәмілесі Euromoney Institutional Investor, Derivatives Week және  Total Securitization  беделді халықаралық басылымдарының  ұсынуы бойынша «Еуропаның дамушы нарықтарындағы  секьюритизациялау жөніндегі жыл мәмілесі» атанды.  

750 млн. АҚШ доллары көлеміндегі бұл мәміле ӘТҚ-ны секьюритизациялау бойынша Қазақстандағы ең ірі мәміле ретінде, сонымен бірге қаржы дағдарысы кезінде сәтті аяқталған мәміле ретінде де марапатталды. БТА Банктің ӘТҚ мәмілесі 2007 жылдың қазан айында аяқталды.

Мәміленің  құрылымын Standard Chartered, ABN AMRO мен JPMorgan жасады.

БТА Банкі жүргізген ӘТҚ секьюритизациясы алдағы уақытта жасалатын  осындай мәмілелерге  жол ашты. ӘТҚ секьюритизациясы бастапқы эмитенттің несие тәуекелдігін, сондай-ақ валюта тәуекелдігін азайтатындықтан сарапшылардың айтуынша, дағдарыс кезінде мұндай мәмілелердің беріктілігі арта түседі.    

ӘТК бағдарламасы банкке құны жағынан тиімді қаржыландыру көздерін және капитал нарықтарын пайдалануға мүмкіндік беретін сыртқы қаржыландыруды тартудағы маңызды толықтырма болып табылады.   
Нарық шарттарының күрделі кезінде мәмілені сәтті аяқтауда мәміле құрылымы мен аз мамандандырылған сақтандырушылардың (“монолайнерлердің”) қатысуы зор рөл атқарды.

Бұл беделді марапат БТА Банкінің қорландыруды әртараптандыру стратегиясын ұстанатынын тағы да көрсетті.  

"БТА Банкі" АҚ ТМД аумағындағы  банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі. 

2008 жылдың  бірінші жартыжылдығындағы қорытынды бойынша «БТА Банкі» АҚ-ының шоғырландырылған активтері 3356 млрд. теңгеге (27,8 млрд. АҚШ долларына) жетіп,  капиталы - 474 млрд. теңгені (3,9 млрд. АҚШ доллары) құрады. Бірінші жарты жылдың қорытындысы бойынша «БТА Банкі» АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 27 830 млн. теңгені (231 млн. $) құрады.

«БТА Банкі» АҚ  стратегиялық серіктес банктер желісі   Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері  Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де жұмыс сітейді.

«БТА Банкі» АҚ-ның  Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі  филиалдар желісі  (22 филиалы мен 274 бөлімшесі), сондай-ақ өз-өзіне қызмет көрсететін ірі банкоматтар желісі (800) бар.  БТА Банкінің қызметін 1,2 млн. жеке меншік және 100 мың корпоративтік клиенттер пайдаланады.


2008 жылы The Banker іскер журналының ұсынысы бойынша «БТА Банкі» АҚ әлемнің үздік банктері тізіміндегі 295 орыннан  173 орынға көтеріліп,  бір жыл ішінде 100 пункте өсті. 2006-2007 жылдары БТА Банкі беделді «Итоги» қаржы басылымы жүргізген  ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша  «ТМД-дағы жылдың үздік банкі», сондай-ақ   «Euromoney» халықаралық басылымының ұсынуы бойынша «Орта Азиядағы үздік банк» атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблея (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe»)  атағын берді. 

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
«БТА Банкі» АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail:shamova@bta.kz