Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігі «БТА Банкі» АҚ несиелік желісін 120 млн. долларға ұлғайтты

16.10.2008

АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігі «БТА Банкі» АҚ тікелей несиелік желісін 55-тен 120 млн. АҚШ долларына ұлғайтты.  
Бұл несие желісі GSM-102 бағдарламасы бойынша  АҚШ-тан ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауды  қаржыландыруға бағытталған.  

БТА Банкі бұл қаржыландыруды АҚШ-тан  аталған бағдарламада көрсетілген  тауарларды импорттайтын клиенттер үшін кеңінен пайдаланып, импортшыға 3 жылдық  мерзіммен несиеге ұсынады. Мұндай кепілдіктер американдық банктердің БТА Банкінің міндеттемелерін жеңілдетілген шарттармен қайта қаржыландыруы арқылы импортшыға арналған несиелендіру құнын барынша арзандатуға мүмкіндік береді.   

Бұл  қаржыландыру құны қымбаттап тұрған  қазіргі таңда  қазақстандық банктер үшін ғана емес, сонымен қатар батыс елдердің қаржы институттары үшін де аса маңызды. Аталмыш бағдарламаға қатысу ШОБ субъектілеріне ерекше мән берілетін БТА Банктің стратегиясына толықтай сәйкес.

Әлемдік қаржы саласындағы тұрақсыздық кезеңінде БТА-ға берілетін несие лимитінің екі есеге ұлғайтылуы инвесторлардың ғана емес, батыс елдердің мемлекеттік   институттарының қарызгер ретінде банкке зор сенім артатынын білдіреді.

GSM-102 бағдарламасы АҚШ-тың ауыл шаруашылығы департаменті жанындағы Тауар-несие корпорациясының бағдарламасы, ол АҚШ-тан Қазақстанға және Еуразияның басқа елдеріне тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушыларды қолдауға бағытталған және ол импорттаушыға Тауар-несие корпорациясының кепілдігімен несие беруді қарастырады.

"БТА Банкі" АҚ ТМД аумағындағы  банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі. 

2008 жылдың  бірінші жартыжылдығындағы қорытынды бойынша «БТА Банкі» АҚ-ының шоғырландырылған активтері 3  356 млрд. теңгеге (27,8 млрд. $) жетіп,  капиталы - 474 млрд. теңгені (3,9 млрд. $) құрады. «БТА Банкі» АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 27 830 млн. теңгені (231 млн. $) құрады.

«БТА Банкі» АҚ  стратегиялық серіктес банктер желісі   Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері  Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де жұмыс істейді.

«БТА Банкі» АҚ-ның  Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі  филиалдар желісі  (22 филиалы мен 277 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (778) мен өз-өзіне қызмет көрсететін терминалдары (160)  бар.  БТА Банкінде 1,3 млн. жеке меншік және 100 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.


2008 жылы The Banker іскерлік журналының ұсынысы бойынша «БТА Банкі» АҚ әлемнің үздік банктері тізіміндегі 295 орыннан  173 орынға көтеріліп,  бір жыл ішінде 100 пункте өсті. 2006-2007 жылдары БТА Банкі беделді «Итоги» қаржы басылымы жүргізген  ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша  «ТМД-дағы жылдың үздік банкі», сондай-ақ   «Euromoney» халықаралық басылымының ұсынуы бойынша «Орта Азиядағы үздік банк» атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблея (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe»)  атағын берді. 

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
«БТА Банкі» АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
+7 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@bta.kz