Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ қазақстандық банктердің ішінде бірінші болып ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін енгізді

20.10.2008 / Баспасөз орталығы

«БТА Банкі» АҚ ISO 27001 халықаралық стандарттарына сәйкес Британдық стандарттар институты (BSI) әзірлеген ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін (АҚБЖ) енгізген қазақстандық бірегей банктердің бірі.

АҚБЖ әрекет ету аумағы «БТА-Online» бойынша заңды тұлғаларға қашықтан банктік қызметтер көрсету жүйесіне таратылады, бұл халықаралық сарапшылардың сертификаттауымен ең жоғары дәрежеде қорғалған өнім ретінде танылды.

БТА Банкінің ISO/IEC 27001:2005 сертификаты инвестициялық компаниялар мен қарызгерлер сеніп тапсырған ақпараттарды сақтаудағы сенімді нығайтуға мүмкіндік береді, өйткені АҚБЖ ақпараттық қауіпсіздік қатерінің тәуекелдігін шектейді.

ISO/IEC 27001:2005 стандарты құжатталған АҚБЖ-ны анықтау, енгізу, басқару, мониторинг жасау, бағалау, жүргізу және үздіксіз жетілдіру талаптарын анықтайды. Бұл АҚБЖ-ға қойылатын талаптарды анықтайтын халықаралық стандарттармен сертфикаттауға жарамды бірден-бір стандарт болып табылады.

ISO 27001 халықаралық стандарттарына сай АҚБЖ –ны әзірлеу мен енгізу банкті дамытудың IT-стратегиясының, сондай-ақ халықаралық қаржы институты болып және әлемдегі ірі банктердің қатарына енудегі БТА стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады.

«БТА Банкі» АҚ-дағы АҚБЖ-ның жобасын ресейлік «Информзащита» компаниясы жасап, енгізді.

"БТА Банкі" АҚ ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі.

2008 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қорытынды бойынша «БТА Банкі» АҚ-ының шоғырландырылған активтері 3 356 млрд. теңгеге (27,8 млрд. $) жетіп, капиталы - 474 млрд. теңгені (3,9 млрд. $) құрады. «БТА Банкі» АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 27 830 млн. теңгені (231 млн. $) құрады.

«БТА Банкі» АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де жұмыс істейді.

«БТА Банкі» АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 277 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (778) мен өз-өзіне қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкінде 1,3 млн. жеке меншік және 100 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.

2008 жылы The Banker іскерлік журналының ұсынысы бойынша «БТА Банкі» АҚ әлемнің үздік банктері тізіміндегі 295 орыннан 173 орынға көтеріліп, бір жыл ішінде 100 пункте өсті. 2006-2007 жылдары БТА Банкі беделді «Итоги» қаржы басылымы жүргізген ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша «ТМД-дағы жылдың үздік банкі», сондай-ақ «Euromoney» халықаралық басылымының ұсынуы бойынша «Орта Азиядағы үздік банк» атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблея (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағын берді.


Британдық стандарттар институты (BSI) 1901 жылы құрылған. BSI менеджмент жүйелерін сертификаттау саласындағы көшбасшы және беделді компаниялардың бірі ретінде танылған және сертификаттау бойынша әлемдегі ең ірі органның бірі болып табылады: әлемнің 100-ден астам елінде 80 000 –нан астам клиенттері бар. BSI – ISO-ның (International Organization for Standardization – Стандарттау бойынша халықаралық ұйым) негізін қалаушылардың бірі және британдық ұлттық стандарттардың авторы.


«Информзащита» компаниясы 1995 жылы құрылған және бизнесті қауіпсіз жүргізуді қамтитын жүйелер мен процестерді жобалау, енгізіп, жүргізу бойынша және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы нормативтік актілерге сәйкес аудитке маманданған сервистік компания. Компания дүние жүзіндегі бірқатар ірі жеткізушілердің сертификатталған серіктесі болып табылады.
БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
«БТА Банкі» АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@bta.kz.