Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің басшылығы “Баспананы халыққа қалдырайық” қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелерімен кездесті

23.10.2008

23 қазан күні “БТА Банкі” АҚ Басқарма Төрағасы Роман Солодченко мен банктің басқа да топ-менеджерлері “Баспананы халыққа қалдырайық” қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында белсенділер ипотекалық несиені төлеуде қиындықтарға тап болып отырған осы қозғалыстың мүшелеріне қолдау көрсету жөнінде өтініш білдірді. Дәлірек айтқанда, қоғамдық бірлестіктің өкілдері Стресті активтер қоры өз жұмысын бастағанға дейін несие мерзімін ұзартуды сұрады.

Р.Солодченко кездесуге қатысқандарға қазіргі кезде банк несие қоржыны сапасын талдау бойынша үлкен жұмыстар жүргізіп жатқанын және туындаған мәселені шешу үшін қаржы институтының қолында бар барлық қаржыны қолдануға әзір екендерін жеткізді.

Атап айтқанда, банк несиені төлеудің жеке кестесі, төлемдердің мерзімін ұзарту, қайта қаржыландыру және несие мерзімін ұзарту арқылы проблемалық несиелерді қайта құрылымдау әдістерін қолданады.

“Қазіргі экономика жағдайында сенімділік аса қажет. Біз клиенттерге қолдау көрсетуге әзірміз және олардың тарапынан банкпен сындарлы диалог құруға дайын болуларын күтеміз. Бірде бір өтінішті назардан тыс қалдырмайтынымызға кепілдік бере аламын”, - деп атап өтті БТА Банкінің басшысы.

Банктің басшылығы жылжымайтын мүлік операциялары банктің негізгі қызметіне жатпайтынына да тоқталды. Осыған орай проблемалы несиегерлерден жылжымайтын мүлікті алу үшін сотқа жүгіну - клиентпен келісетін басқа мүмкіндіктер болмаған жағдайда ғана қолданатын соңғы шара екенін атап өтті.

Банк басшысы жұртшылықты қызықтырған барлық сауалдар бойынша мына телефондар бойынша хабарласуға шақырды: 2500-111, 2500-222, 8-8000-800-111 (Қазақстанның барлық аймағындағы қалалық телефондардан тегін хабарласу). Осы нөмірлер бойынша клиенттер БТА қызметкерлерінің қызмет бабын асыра пайдаланғандары туралы деректерді хабарлай алады.

“БТА Банкі” АҚ - ТМД аумағындағы көшбасшы банк желілерінің бірі.

2008 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қорытынды бойынша “БТА Банкі” АҚ-ының шоғырландырылған активтері 3 356 млрд. теңгеге (27,8 млрд. $) жетіп, капиталы - 474 млрд. теңгені (3,9 млрд. $) құрады. “БТА Банкі” АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 27 830 млн. теңгені (231 млн. $) құрады.

“БТА Банкі” АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 277 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (778) мен өз-өзіне қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкінде 1,3 млн. жеке меншік және 100 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.


2008 жылы The Banker іскерлік журналының ұсынысы бойынша “БТА Банкі” АҚ әлемнің үздік банктері тізіміндегі 295 орыннан 173 орынға көтеріліп, бір жыл ішінде 100 пункте өсті. 2006-2007 жылдары БТА Банкі беделді “Итоги” қаржы басылымы жүргізген ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша “ТМД-дағы жылдың үздік банкі”, сондай-ақ “Euromoney” халықаралық басылымының ұсынуы бойынша “Орта Азиядағы үздік банк” атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблея (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы “Еуропаның үздік компаниясы” (“Best Enterprise of Europe”) атағын берді.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
“БТА Банкі” АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@bta.kz