Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі "СамрұқҚазына" мемлекеттік қорының жүйе құрушы банктер жүйесіне кіруі жөніндегі үкімет бастамасына оң баға береді

30.10.2008

Қазақстандағы ірі БТА Банкі таяудағы акционерлер жиналысында "СамрұқҚазына"

Банктің акционерлік капиталының, артықшылықты акциялары мен субординацияланған облигацияларының 25%-нан асатын көлемдегі жай акцияларды шығару арқылы Банк капиталын қосымша ұлғайту - 2,3 миллиард АҚШ долларына дейінгі соманы құрауы мүмкін.

«БТА-ның болжамы бойынша Банк капиталына қосымша инвестициялар отандық банктік жүйені тұрақтандыруға арналған оң әсерді алып келеді, экономиканың және халықтың несиелендірілуін кеңейтуге ықпал етеді, - деп Банктің Директорлар Кеңесінің төрағасы Мұхтар Әблязов атап көрсетті. – Бүгінгі таңда БТА қазақстан экономикасының ірі несиегері болып табылады, оның үлесіне ел банктерінің заңды тұлғаларға берген барлық несиелерінің 30%-дан астамы тиесілі».

Әлемдік капитал нарықтарындағы жағымсыз конъюнктураға қарамастан, БТА Банкі отандық банктік нарықта жетекші орнын сақтап отыр және өзінің барлық негізгі көрсеткіштерінің тұрақты өсуін көрсетіп отыр. Осылайша, Банк активтері 2008 жылдың 9 айы ішінде 16,4%-ға, меншікті капиталы - 6%-дан астам көлемге, клиенттерінің алыы – 42,2%-ға, несиелері – 11%-ға, ағымдағы шоттары – 45,4%-ға ұлғайды.

"СамрұқҚазына" қорының жүйе құруші банктердің жарғылық капиталына енуі уақытша шара ретінде жоспарланып отыр. Халықаралық қаржы нарықтарындағы жағдай тұрақталған соң, мемлекет өзіне тиесілі банк акцияларын сатуды жоспарлап отыр. Акцияларды сатып алу және әрі қарай сатуға қатысты процедуралар мен талаптар, сондай-ақ мемлекеттің банк акционерлері құрамында болу мерзімі екі жақты келіссөздер барысында қалыптасатын болады.

БТА тобы - ТМД аумағындағы жетекші банк желілерінің бірі.

"БТА Банкі" АҚ-ның серіктес банктері желісіне Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Қырғызстан және Түркия кіреді. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де жұмыс істейді.

"БТА Банкі" АҚ-да Қазақстан Республикасындағы өте дамыған филиалдар желісінің бірі (22 филиал және 277 бөлімше), сондай-ақ банкоматтардың (778) және қызмет көрсету терминалдарының (160) кеңейтілген желісі бар. БТА Банкінде 1,3 млн. жеке және 100 мың корпоративті клиенттерге қызмет көрсетіледі.

2006 және 2007 жылдары БТА "Итоги" беелді жуналы жүргізген сұрау нәтижелері бойынша жетекші қаржы сарапшыларымен "ТМД-дағы Жыл банкі", сондай-ақ Euromoney халықаралық журналының пікірі бойынша «Орталық Азиядағы Үздік банк» деп танылды. Европалық Бизнес Ассамблеясы (EBA, Оксфорд, ҰлыбританияВеликобритания) 2007 жылы БТА-ға Еуразия аймағының банктік секторындағы "Еуропаның үздік компаниясы" ("Best Enterprise of Europe") атағын берді.

БАҚ-мен байланысу үшін:
Әділ Досымов, "БТА Банкі" АҚ-ның баспасөз хатшысы
8 (727) 266-47-97
e-mail: dosymov@bta.kz