Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Индустрия және сауда министрлігі “БТА Банкі” АҚ-ын Қазақстанның экспортын дамытуды қолдау саласындағы үздік компания деп таныды

03.11.2008

ҚР Индустрия және сауда министрлігінің сауда комитеті сауданы қаржыландыру арқылы экспортқа бағытталған компанияларға қолдау көрсетуге қосқан үлесі үшін “БТА Банк” АҚ-ын “экспортты дамытуға қосқан үлесі үшін” арнаулы номинациясы бойынша бірінші орынға лайықты деп тапты.

Бұл марапат шикізат емес сектордың отандық экспортшыларын ынталандыру мақсатында министрлік өткізетін екінші республикалық “Отандық дайын өнімнің үздік экспортшысы” конкурсы аясында тапсырылды. Байқауға 50-ден астам отандық кәсіпорындар қатысты.

БТА Қазақстандағы сауданы қаржыландыру саласында көшбасшылық ұстанымын бекем нығайтты. Экспорт географиясы ТМД елдеріне (Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан), Балтық елдері (Эстония, Латвия), алыс шет елдер (Швейцария, Қытай, Нидерланды, Польша, Англия, Италия, Германия) тарайды. Қаржыландырылатын жобалар мұнай-газ саласымен, ауыл шаруашылығымен, тамақ және химия өнеркәсібімен байланысты.

БТА мәмілелердің жаңа құрылымдарын енгізеді және оларды үнемі жетілдіріп отырады. Сауданы қаржыландыру құралдары арқылы БТА Қазақстанның экспортшыларын халықаралық сауда кезінде туындайтын барлық тәуекелдіктерден қорғайды. Банк серіктес банктердің кең желілері арқылы қазақстандық экспортшылардың ТМД елдеріне шығуына мүмкіндік береді, бұл Қазақстанның экспорттық әлеуетін кеңейтуге ықпал етеді.

Байқау жеңімпаздары аталмыш байқаудан бөлек: “Жылдың үздік экспортшысы”, “Ұлттық бренд- 2008”, “Үздік экспорттық стратегия 2008”, “ШОБ саласындағы үздік экспортшы” номинациялары бойынша жеңімпаз атанды.

БТА тобы ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшылардың бірі.

2008 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қорытынды бойынша “БТА Банкі” АҚ-ының шоғырландырылған активтері 3 356 млрд. теңгеге (27,8 млрд. $) жетіп, капиталы - 474 млрд. теңгені (3,9 млрд. $) құрады. “БТА Банкі” АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 27 830 млн. теңгені (231 млн. $) құрады.

“БТА Банкі” АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 277 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (778) мен өз-өзіне қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкінде 1,3 млн. жеке меншік және 100 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.

2008 жылы The Banker іскерлік журналының ұсынысы бойынша “БТА Банкі” АҚ әлемнің үздік банктері тізіміндегі 295 орыннан 173 орынға көтеріліп, бір жыл ішінде 100 пункте өсті. 2006-2007 жылдары БТА Банкі беделді “Итоги” қаржы басылымы жүргізген ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша “ТМД-дағы жылдың үздік банкі”, сондай-ақ “Euromoney” халықаралық басылымының ұсынуы бойынша “Орта Азиядағы үздік банк” атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблея (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы ”Еуропаның үздік компаниясы” (“Best Enterprise of Europe”) атағын берді.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
“БТА Банкі” АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@bta.kz