Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

“БТА Банкі” АҚ дүниежүзіндегі 40 үздік азиялық банктердің қатарына енді

06.11.2008

The Banker халықаралық іскерлік басылымының Азиялық банктердің ТОП 200 (TOP 200 Asian Banks) жыл сайынғы рейтингі бойынша “БТА Банкі” АҚ бір жыл ішінде 58-орыннан 31-орынға орналасып 27 позицияға көтерілді.

Жиырма көшбасшы банк өткен жылмен салыстырғанда бұрынғы позициясында қалды. Азиялық банк жүйесінің көшбасындағы Қытайдан бөлек (рейтингтен 41 пайыз) рейтингтегі жетекші позицияларды Корея банктері (рейтингтен 13%) иемденді. Үшінші орында австралиялық банктер (рейтингтен 12%) тұр. Азиялық банктер ТОП 200 құрамына барлығы 7 қазақстандық қаржы институттары кіреді.

“Халықаралық капитал нарықтары өз ресурстарын беруді тоқтатқандықтан, ал жергілікті рыноктарда жылжымайтын мүлік бағасы арзандап кеткендіктен 2007 жыл қазақстандық банктер үшін күрделі жыл болды. Соған қарамастан The Banker өзінің ТОР 200 Asian Banks ренкингінде жағдайдың басқаша болғанын атап өтті. Қазақстандық банктердің көпшілігі бірінші деңгейдегі капитал көлемі бойынша өз позицияларын жақсартты. Ал БТА Банкі Азияның 25 банкі ішінен “жыл топжарғаны” атанды”, - деп атап өтті The Banker-дің қаржы директоры Филипп Александр.

The Banker басылымының марапаты қаржы нарығына қатысушылар үшін өте беделді марапат болып табылады. The Banker журналы — Financial Times тобының ай сайын шығатын ғаламдық банктік басылымы, ол өзінің 80 жылдық тарихында қаржы секторындағы маңызды ақпарат көзі болып табылады.

"БТА Банкі" АҚ ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі.
2008 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қорытынды бойынша “БТА Банкі” АҚ-ының шоғырландырылған активтері 3 356 млрд. теңгеге (27,8 млрд. $) жетіп, капиталы - 474 млрд. теңгені (3,9 млрд. $) құрады. “БТА Банкі” АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 27 830 млн. теңгені (231 млн. $) құрады.

“БТА Банкі” АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 277 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (778) мен өз-өзіне қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкінде 1,3 млн. жеке меншік және 100 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.

2008 жылы The Banker іскерлік журналының ұсынысы бойынша “БТА Банкі” АҚ әлемнің үздік банктері тізіміндегі 295 орыннан 173 орынға көтеріліп, бір жыл ішінде 100 пункте өсті. 2006-2007 жылдары БТА Банкі беделді “Итоги” қаржы басылымы жүргізген ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша “ТМД-дағы жылдың үздік банкі”, сондай-ақ “Euromoney” халықаралық басылымының ұсынуы бойынша “Орта Азиядағы үздік банк” атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблея (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы “Еуропаның үздік компаниясы” (“Best Enterprise of Europe”) атағын берді.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
“БТА Банкі” АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@bta.kz