Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Ақпараттық хабарлама

07.11.2008

  1. Мемлекеттік «СамрұқҚазына» қорының БТА Банкінің капиталына кірудегі мақсаты не?

Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұлттық Банкпен және ҚҚА (қаржыны қадағалау агенттігі) бірлесіп алдағы уақытта экономиканың нақты секторын және халықты несиелендіру көлемін сақтауға және ұлғайтуға бағытталған  бірқатар шараларды жүзеге асыру жөнінде ұсыныс жасады. 
Осы бағдарлама аясында БТА Банкі  банктің акционерлік капиталының 25 пайызынан аспайтын көлемде жай акцияларды, артықшылықты акцияларды және бағынышты облигацияларды шығару арқылы 2,3 миллиард АҚШ  доллары көлеміндегі мемлекеттік қаржыны  пайдалану мүмкіндіктерін қарастыруда. Бұл сома БТА Банкі қабылдай алатын және тиімді пайдалана алатын қаржы көлемін айқындайды. 
БТА Банкінің депозиттік қоры бай және өз клиенттерінің, сонымен қатар сыртқы инвесторлар алдындағы  өз міндеттемелерін орындауға төлемпаздығы жеткілікті.
Тартылатын мемлекеттік қаржы арқылы БТА Банкі сыртқы несиелендіру рыноктарының жабылуына қарамастан Қазақстан экономикасы мен халықты несиелендірудің жалпы көлемін азайтпай,  біртіндеп шетелден тартылған ресурстардың орнын толтыра  алады.
2008 жылы дағдарыс кезінде де  БТА Банкі таңдап алған стратегияның табыстылығын растай отырып, жоғары қарқынмен дамып келеді.
Осылайша, 2008 жылдың алғашқы 9 айында БТА Банкінің активтері  16,9%-ға, ал клиенттерден тартылған клиенттердің мерзімді  депозиттері 41,1%-ға  артты. 
Аталғандардан бөлек банктің капиталдандыруының артуын рейтингілік агенттіктер, инвестициялық қоғамдастық және банктің клиенттері  оң  бағалауда, бұл ресурстарды тарту мүмкіндіктерінің әлеуетін арттыруға, соның нәтижесінде несиелендіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 

  1. Мемлекеттен қосымша капитал тарту банк акционерлерінің құқықтарына қысым жасамай ма?

Мемлекеттік қордың «БТА Банкі» АҚ акциясының қосымша эмиссиясына қатысуы акционерлердің құқықтарына ешқандай қысым жасамайды. Мемлекеттің «СамрұқҚазына» қоры арқылы акционерлер құрамына кіруі қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады, бұл жағдайда қосымша эмиссиялардың акцияларын сатып алудың артықшылықты құқығы  ұсынылатын акционерлердің барлық құқықтары сақталуы тиіс. Тек акционерлер  акцияны сатып алудан бас тартқан жағдайда ғана мемлекет атынан  «СамрұқҚазына» қоры акцияның қосымша эмиссияларын сатып алады.
Қосымша эмиссиялар туралы шешім «Акционерлік қоғамдар туралы» заңнамаға сәйкес  банк акционерлерінің жиналысында қабылданатын болады.

  1. Мемлекеттік қордың  Банк акционерлерінің құрамына кіру шарттары қандай?

Мемлекетттік қордың Банк акционерлерінің құрамына кіруінің нақты шарттары келіссөздер барысында анықталатын болады, алайда мына принципті жағдайлар жөнінде келісім жасалды:
а) Капиталдандыру жай және артықшылықты акциялардың қосымша акциясын сатып алу жолымен (1 деңгейлі капитал), сондай-ақ бағынышты облигацияларды шығарумен (2 деңгейлі капитал) жүзеге асырылады
б)  Мемлекеттік қор үлесі дауыс құқығын беретін акциялардың 25%-ынан аспайды.
в) Мемлекеттік қор Банктің ағымдағы операциялық қызметіне ықпал жасамайды.
д) Акциялардың қосымша эмиссиясын және бағынышты облигацияларды сатып алу арқылы Банкке қолдау көрсету жөніндегі шешімді мемлекет қайтарымды инвестиция ретінде қарастырады:
облигациялар инвестор (мемлекет) мен эмитент (банк) тарапынан анықталатын  келісім  бойынша белгілі бір мерзімге және пайыздармен   шығарылады. Жолдау мерзімі аяқталғаннан кейін банктер бағынышты облигацияларды өтеуге міндетті болады, яғни мемлекет тарапынан   «СамрұқҚазына» қоры негізгі борыш сомасын да, облигациялар бойынша пайыздар да алады.
е) Мемлекет жағдай тұрақтанып, әлемдік қаржы дағдарысы аяқталғаннан кейін банктердің капиталдарынан шығады. Мемлекеттің шығу сәтін анықтауға арналған индикаторлар қазақстандық эмитенттер үшін дүниежүзілік капитал нарықтарының ашылуы, банк секторындағы тұрақты жағдай мен ұйымдастырылған рыноктарда (биржаларда) пакеттерді сату мүмкіндігі болмақ. Бұл жағдайда банктердің жеке меншік акционерлері нарықтық шарттарда келісілген баға бойынша мемлекетке тиесілі акцияларды сатып ала алады.

  1. БТА-ның  түпкі мақсаты мен алдағы жоспарлары қандай?

БТА Банкі халықаралық ірі қаржы тобы болуға бағытталған өз стратегиясын  жүзеге асыруды жоспарлап отыр және оны жалғастыра береді. Өз стратегиясының аясында БТА Банкі Қазақстан нарығындағы көшбасшылық ұстанымын сақтап және нығайтып, БТА Тобының еншілес және серіктес компаниялары бар басқа нарықтардағы өз ұстанымдарын нығайта бермек.

"БТА Банкі" АҚ ТМД аумағындағы  банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі. 
2008 жылдың  бірінші жартыжылдығындағы қорытынды бойынша «БТА Банкі» АҚ-ының шоғырландырылған активтері 3  356 млрд. теңгеге (27,8 млрд. $) жетіп,  капиталы - 474 млрд. теңгені (3,9 млрд. $) құрады. «БТА Банкі» АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 27 830 млн. теңгені (231 млн. $) құрады.

«БТА Банкі» АҚ  стратегиялық серіктес банктер желісі   Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері  Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де жұмыс істейді.

«БТА Банкі» АҚ-ның  Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі  филиалдар желісі  (22 филиалы мен 277 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (778) мен өз-өзіне қызмет көрсететін терминалдары (160)  бар.  БТА Банкінде 1,3 млн. жеке меншік және 100 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.


2008 жылы The Banker іскерлік журналының ұсынысы бойынша «БТА Банкі» АҚ әлемнің үздік банктері тізіміндегі 295 орыннан  173 орынға көтеріліп,  бір жыл ішінде 100 пункте өсті. 2006-2007 жылдары БТА Банкі беделді «Итоги» қаржы басылымы жүргізген  ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша  «ТМД-дағы жылдың үздік банкі», сондай-ақ   «Euromoney» халықаралық басылымының ұсынуы бойынша «Орта Азиядағы үздік банк» атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблея (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe»)  атағын берді. 

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
«БТА Банкі» АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@bta.kz