Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

"БТА Банк" ЖШҚ (Мәскеу) жарғылық капиталын ұлғайтты

13.11.2008

Ресей Федерациясының Орталық банкі "БТА Банкі" АҚ (Қазақстан) еншілес компаниясы болып табылатын "БТА Банк" ЖШҚ (Мәскеу) жарғылық капиталын ұлғайтты.

Банктің жарғылық капиталы 7 200 000 000,00 (жеті миллиард екі жүз миллион) рубльге ұлғайып, 12 440 739 000 (он екі миллиард төрт жүз қырық миллион жеті жүз отыз тоғыз мың) рубльді құрады.

"БТА Банк" ЖШҚ (Мәскеу) жарғылық капиталының ұлғаюы нәтижесінде "БТА Банкі" АҚ (Қазақстан) еншілес компаниясы ретіндегі мәртебесі бұрынғысынша сақталады.

“БТА Банкі” АҚ (Қазақстан) мен "БТА Банк" ЖШҚ (Мәскеу) басқа қатысушылары арасында жасалған опциондық келісім негізінде “БТА Банкі” АҚ (Қазақстан) мен "БТА Банк" ЖШҚ (Мәскеу) қызметін бақылауды жүзеге асыруды жалғастырады, "БТА Банк" ЖШҚ (Мәскеу) Директорлар кеңесі құрамындағы “БТА Банкі” АҚ (Қазақстан) қатысушы өкілдерінің көп болуын, мүмкіндіктерін "БТА Банк" ЖШҚ (Мәскеу) басқарма органдарының құрамы және "БТА Банк" ЖШҚ-да (Мәскеу) қабылданатын шешімдерде анықталады.

"БТА Банкі" АҚ ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі.
2008 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қорытынды бойынша “БТА Банкі” АҚ-ының шоғырландырылған активтері 3 356 млрд. теңгеге (27,8 млрд. $) жетіп, капиталы - 474 млрд. теңгені (3,9 млрд. $) құрады. “БТА Банк” АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 27 830 млн. теңгені (231 млн. $) құрады.

“БТА Банкі” АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 277 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (778) мен өз-өзіне қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкінде 1,3 млн. жеке меншік және 100 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.

2008 жылы The Banker іскерлік журналының ұсынысы бойынша “БТА Банкі” АҚ әлемнің үздік банктері тізіміндегі 295 орыннан 173 орынға көтеріліп, бір жыл ішінде 100 пункте өсті. 2006-2007 жылдары БТА Банкі беделді “Итоги” қаржы басылымы жүргізген ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша “ТМД-дағы жылдың үздік банкі”, сондай-ақ “Euromoney” халықаралық басылымының ұсынуы бойынша “Орта Азиядағы үздік банк” атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблея (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы “Еуропаның үздік компаниясы” (“Best Enterprise of Europe”) атағын берді.


2008 жылдың 1 жарты жылдығы бойынша "БТА Банк" ЖШҚ активтері 1,8 млн, меншікті капиталы 306,5 мың, таза кірісі 26 мың АҚШ долларын құрады. (ХСҚЕ есебі). Ресейдегі "БТА Банк" ЖШҚ филиалдар желісінің 9 филиалы мен 23 қосымша кеңселері бар.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
“БТА Банкі” АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@ bta.kz