Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

"БТА Банк" ЖШҚ Ұлттық банктің сыйлығына ие болды

26.11.2008

2008 жылғы 24 қараша күні "БТА Банк" ЖШҚ "Басқарудың заманауи технологияларын енгізгені үшін" номинациясы бойынша Ұлттық банк сыйлығының лауреаты атанды. Ресей банктерінің ассоциациясы мен Ұлттық банк журналы тағайындаған бұл сыйлық банк қауымдастығының кәсіби марапаты болып табылады.

"БТА Банк" ЖШҚ Басқарма Төрағасы Елена Мессерле: "Бұл марапат бір жылдан астам уақыт банкті модернизациялау бойынша жасаған біздің орасан зор жұмысымыздың нарықта мойындалуының белгісі. Біз бизнесіміздің қарқынды өсуі мен дамуы жолындағы жаңа істі қолға алдық", - деп атап өтті.

БТА Банк басқарудың жоғары технологиялы құралдарды - банк қызметінің көрсеткіштерінің он-лайн мониторингі жүйесінен бастап клиенттермен өзара әрекет етудің интерактивті жүйесіне дейін дамытуға ерекше назар аударады. Мұндай технологияларды дамыту банктің операциялар көлемін оның сапасының мүлтіксіздігіне тәуекелсіз бірнеше есеге арттыруға мүмкіндік береді.

БТА Банк – бұл ТМД мен алыс шетелдердегі 10 серіктес банктің жоғары сапалы қызмет көрсету мен озық технологиялар үйлесімімен жұмыс істеу тәжірибес.

2008 жылдың 1 жарты жылдығы бойынша "БТА Банк" ЖШҚ активтері 1,8 млрд., меншікті капиталы 306 млн., таза кірісі 26 млн. АҚШ долларын құрады. (ХСҚЕ есебі).

Ресейдегі "БТА Банк" ЖШҚ филиалдар желісінің 9 филиалы мен 23 қосымша кеңселері бар.

БТА Банктің баспасөз қызметі
тел. (495) 363 09 09 (доб. 21361)
e-mail: pr@btabank.ru