Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Елабугада “БТА-Казань” банкінің қосымша кеңсесі ашылды

27.11.2008

Желтоқсанда банктің 25-інші аумақтық бөлімшесі – “БТА-Казань” АКБ -ының(ААҚ) Елабуга қаласындағы Мир даңғылы, 35 мекен-жайында орналасқан қосымша кеңсесі өз жұмысын бастайды.

Елабуга – Татарстан Республикасындағы экономикасы қарқынды дамып келе жатқан және инвестициялық әлеуеті күшті ірі өнеркәсіптік аймақтардың бірі. Елабугадан қосымша кеңсе ашу туралы шешім қабылдауға қаланың кейінгі жылдардағы қарқынды дамуы мен оның инвестициялық тартымдылығының едәуір ұлғаюы себеп болды. Сонымен қатар Елабугадан қосымша кеңсе ашу банктің жергілікті бизнесті, сонымен бірге қала тұрғындарын сапалы қызметпен қамтамасыз етуге деген талпынысын білдіреді.

Жаңа кеңседе клиенттерге – жеке тұлғаларға бөлшек сауда бойынша банк қызметтерінің зор таңдауы: түрлі шарттардағы салымдардың кең желісі, коммуналдық шоттарды төлеу, пластикалық карталар операциялары, валюта айырбастау және тағы басқалар ұсынылатын болады. Корпоративтік клиенттер үшін банк өз өнімдерін ұсынатын елдердегі ең тиімді тарифтермен есеп-айырысу кассалық қызмет көрсетуді (банк-клиент, телефон-клиент және интернет-клиентті қамтитын) ұсынады. Елабугадағы кеңседегі барлық клиенттерге жетімді болатын қызметтер кешені бағаны қалыптастырудың икемді саясатын, барынша қолайлы сервис пен жекелей қызмет көрсетуді қарастырады.

“БТА-Казань” банкі өзінің даму стратегиясына және әмбебап қызмет көрсету концепциясына сәйкес республика аймақтарындағы өнімдерін ұсыну аймақтарын жоспарлы түрде кеңейтеді. Бүгінде банктің Қазанда 11 қосымша кеңсесі, Зеленодольск, Нижнекамск, Набережный Челнах, Альметьевск, Бугульме қалаларында бөлімшелері, сондай-ақ Татарстаннан тыс жерлерде - Ижевскіде, Пермьде, Ульяновскіде кеңселері бар.

Банктің алдында тұрған басты міндет – барлық клиенттердің банк қызметтерінің толық спектріне барынша қолайлы қол жеткізуіне жағдай жасау. Елабуга тұрғындары жаңа кеңсенің сапалы қызметін лайықты бағалайтыны анық.

“БТА-Казань” АКБ (ААҚ) – Татарстан Республикасындағы ірі банктердің бірі және 50 000-нан астам клиенттерге қызмет көрсететін әмбебап қаржы институты. ТМД елдеріндегі алдыңғы қатарлы 100 банктің қатарына кіреді және 2008 жылғы 28 ақпанда “КоммерсантЪ” БҮ жариялаған ТМД-ның ең қарқынды дамушы банктері рейтингінде 100 млн. АҚШ долларынан астам активтерімен активтерінің өсу қарқыны бойынша 61-орынды иемденді. 2008 жылдың қарашасында Fitch Raiting рейтинг агенттігі “БТА-Казань” банкінің “B” халықаралық кредит рейтингін растады.

“БТА-Казань” банкінің стратегиялық серіктесі және акционері – қазақстандық “БТА Банкі” АҚ Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерінің серіктес банктер желісін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де жұмыс істейді. “БТА Банкі” АҚ шоғырландырылған активтері 2008 жылдың І жарты жылдығы бойынша 27,8 млрд. , капиталы - 3,9 млрд. АҚШ долларын құрады.