Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Нұр Бақбергенов “БТА Банк” ЖАҚ атқарушы директоры болып тағайындалды

28.11.2008 / Ереван

2008 жылғы 21 қараша күні АР Орталық Банкінің “БТА Банк” ЖАҚ басшылығы құрамындағы өзгерістерді тіркеу туралы шешімі өз күшіне енді. Атқарушы директоры болып “БТА Банк” ЖАҚ Басқарма мүшесі Нұр Бақбергенов тіркелді.

Нұр Мұратұлы Бақбергенов Қазақстан Республикасының азаматы, банк саласындағы басшылық қызметтерде 10 жыл тәжірибесі бар. Сонымен бірге Нұр Бақбергенов “БТА Банкі” АҚ (Қазақстан) Басқарма Төрағасының кеңесшісі болып табылады.

Банктің жаңа басшысы өзінің негізгі мақсаты Арменияда БТА Тобының толыққанды Банкін құру екендігін, ал Армениядағы клиенттер үшін бұл БТА бар жерде, ТМД-ның барлық елі бойынша өздерін өз үйлеріндегідей сезіну мүмкіндігі болатынын атап өтті.

“БТА Банк”ЖАҚ - армяндық “БТА Банктің” жарғылық капиталындағы 48,8% акцияны иемденетін Қазақстандағы ірі банк “БТА Банкі” АҚ-ының стратегиялық серіктесі.

25.11. 2008 жылғы жай-күйі бойынша “БТА Банк”ЖАҚ жалпы капиталы – 4 346 434 000 мың драм, активтері – 13 042 112 мың драм, міндеттемелері – 8 695 678 мың драмды құрады.

“БТА Банкі” АҚ - Қазақстандағы жүйе құрушы банк, ТМД елдерінде банк желісін құру бойынша көшбасшы. Оның стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. “БТА Банкі” АҚ өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де жұмыс істейді. Банк 2006 және 2007 жылдары “ТМД-дағы жыл банкі” деп танылды.

2008 жылдың I жартыжылдығындағы қорытынды бойынша “БТА Банкі” АҚ-ының шоғырландырылған активтері 27,8 млрд., капиталы - 3,9 млрд. АҚШ долларын құрады.