Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ ішкі ресурстарының есебінен ағымдағы жылғы сыртқы қарыздарын өтеуді сәтті аяқтады

04.12.2008

«БТА Банкі» АҚ халықаралық инвесторлар алдындағы міндеттемелерін табысты орындауды жалғастырып келеді. 2008 жылы өтеледі деп жоспарланған шамамен 1,2 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі сыртқы қарыздарын банк қайта қаржыландырусыз өтеді, бұл тағы да БТА Банкінің өз міндеттемелерінің барлығын уақытында орындауға қабілетті екендігін көрсетеді.

Кестеге сәйкес БТА Банкі жыл бойы 1 млрд. АҚШ доллары сомасындағы, атап айтқанда, наурыз айында 530,9 млн. АҚШ доллары, мамыр айында 2,5 млн. АҚШ доллары, маусым айында 27,5 млн. АҚШ доллары, шілде айында 66,6 млн. АҚШ доллары, қыркүйекте 193,4 млн. АҚШ доллары сомасындағы синдикатталған несиелерді, сондай-ақ 200 млн. доллар сомасындағы облигацияларды өтеді.

БТА Тобы - ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы банк желілерінің бірі.

2008 жылдың І жартыжылдығындағы қорытынды бойынша «БТА Банкі» АҚ-ының шоғырландырылған активтері 3 356 млрд. теңгеге (27,8 млрд. $) жетіп, капиталы - 474 млрд. теңгені (3,9 млрд. $) құрады. І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «БТА Банкі» АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 27 830 млн. теңгені (231 млн. $) құрады.

«БТА Банкі» АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де жұмыс істейді.

«БТА Банкі» АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 277 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (778) мен өзіне өзі қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкінде 1,3 млн. жеке меншік және 100 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.

2008 жылы The Banker іскерлік журналының ұсынысы бойынша «БТА Банкі» АҚ әлемнің үздік банктері тізіміндегі 295 қатардан 173 қатарға көтеріліп, бір жыл ішінде 100 пункте жоғарылады. 2006-2007 жылдары БТА Банкі беделді «Итоги» қаржы басылымы жүргізген ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша «ТМД-дағы жылдың үздік банкі», сондай-ақ «Euromoney» халықаралық басылымының ұсынуы бойынша «Орта Азиядағы үздік банк» атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблея (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағын берді.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
«БТА Банкі» АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@bta.kz