Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

"БТА Банкі" АҚ Қазақстандағы кремний өндіретін алғашқы зауыттың құрылысын қаржыландырды

10.12.2008

2008 жылғы 9 желтоқсан күні Қарағанды облысында Қазақстандағы кремний өндіретін алғашқы зауыттың ашылуы болды. Бұл жоба "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. "Silicium Kazakhstan" ЖШС жобасын қаржыландырудың жалпы сомасы 100 миллионнан астам еуроны құрады, бұл "БТА Банкі" АҚ бөлген қаржыдан 70 млн. еуро артық.

Зауыт алюминий мен химия саласы үшін 25 мың тонна жоғары сапалы метталлургиялық кремний, поликремний өндірісі үшін күн пішініндегі аса таза кремний, 10,5 мың тонна микрокремнезем және 875 тонна кремний шлагын өндіретін болады.

Қазақстандағы кремнийді әрі қарай өңдеу мүмкіндігінің жоқтығына байланысты зауыт өнімдерін 100 пайыз көлемде экспортқа шығару жоспарлануда. Атап айтқанда, Silicium Kazakhstan-ның өз құрылтайшыларының бірі – германиялық ThyssenKrupp-пен арнайы келісімі бар, келісім бойынша олар 10 жыл бойы өнімді әлемдік нарықтарға шығарып, сату міндеттемелерін өз мойнына алады. Сонымен бірге өнімді алуға Жапония, АҚШ пен Оңтүстік Корея да қызығушылық танытып отыр.

Сондай-ақ, келешекте компания полиметалл кремнийі мен күн батареяларын өздерінде шығаруды жоспарлап отыр. Бұл жоба жүзеге асса 220 жаңа жұмыс орны құрылмақ.

БТА Банкінің "Silicium Kazakhstan" ЖШС-мен ынтымақтастығы 2006 жылы басталды, бұл жылы банк Қарағанды облысындағы кварц шығатын орын Ұлытау-Жезқазғаннан металлургиялық кремний мен кремний ұнтағын өндіретін комбинатқа қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар импортын қаржыландыруды ұйымдастырған болатын. БТА Банкі Германияның Euler Hermes Экспорттық Несие Агенттігінің өтеуімен Deutsche Bank AG (Германия)-тан 65 млн. еуро сомасына қаржыны тартты. 2006 жылы БТА Банкінің бұл мәмілесін қаржыландыру құрылымының ерекшелігі үшін беделді әлемдік "Trade Finance" мен "Global Trade Review" басылымдары үздік деп таныды.

БТА Тобы - ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы банк желілерінің бірі.

2008 жылдың І жартыжылдығындағы қорытынды бойынша «БТА Банкі» АҚ-ының шоғырландырылған активтері 3 356 млрд. теңгеге (27,8 млрд. $) жетіп, капиталы - 474 млрд. теңгені (3,9 млрд. $) құрады. І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша "БТА Банкі" АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 27 830 млн. теңгені (231 млн. $) құрады.

"БТА Банкі" АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де жұмыс істейді.

"БТА Банкі" АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 277 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (778) мен өзіне өзі қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкінде 1,3 млн. жеке меншік және 100 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.

2008 жылы The Banker іскерлік журналының ұсынысы бойынша "БТА Банкі" АҚ әлемнің үздік банктері тізіміндегі 295 қатардан 173 қатарға көтеріліп, бір жыл ішінде 100 пункте жоғарылады. 2006-2007 жылдары БТА Банкі беделді "Итоги" қаржы басылымы жүргізген ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша "ТМД-дағы жылдың үздік банкі", сондай-ақ "Euromoney" халықаралық басылымының ұсынуы бойынша "Орта Азиядағы үздік банк" атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблея (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» ("Best Enterprise of Europe") атағын берді.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
"БТА Банкі" АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@bta.kz