Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

"БТА Банкі" АҚ жылдық есептер 2008 байқауында Бас жүлдені иеленді

11.12.2008

"БТА Банкі" АҚ жыл сайын өтетін "NB Annual Report 2008" жылдық есептер байқауында ақпараттылығы мен дизайны бойынша қазақстандық 26 компанияның арасында ең көп ұпай жинап, Бас жүлдені иеленді.

БТА Банкі сарапшылардың "Ақпараттылық" және "Дизайн" номинациялары бойынша қойған орташа ұпайлары енгізілетін қорытынды кестенің алдыңғы қатарынан орын алған компания ретінде Бас жүлдемен марапатталды. Ақпараттылығына 70 пайыз, әрлендіруіне 30 пайыз мән берілді.

"БТА Банкінің жылдық есебінде ақпараттылығы пен сапалы дизайны жақсы үйлесім тапқан, сонымен бірге қаржы тобы қызметінің барлық аспектілері көрсетілген",- деп атап өтті марапаттау салтанатында байқаудың ұйымдастырушылары мен қазылар алқасы.

Бұл жылы байқаудың қазылар алқасы құрамында болғандар: "Ақпараттылық" номинациясы бойынша – "Қазақстан қор биржасы" АҚ вице-президенті Болат Бабенов, Қазақстан қаржыгерлері ассоциациясының төрағасы Серік Аханов, Қазақстан кәсіпкерлері форумының төрағасы Райымбек Баталов, Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңестің төрағасы Еркін Қалиев, ҚР қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Алина Алдамберген, "Дизайн" номинациясы бойынша – Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясының профессоры Павел Совранчук, Қазақстан дизайнерлер одағының басқарма мүшелері Сергей Алексеев пен Светлана Гордеева, Қазақстан дизайнерлер одағының вице-президенті Игорь Поляков пен Good компаниясы тобының Бас директоры Дәурен Төлеев.

Төртінші жыл өткізіліп отырған "NB Annual Report" байқауы компаниялардағы жылдық есеп проблемасына қоғамдастық пен отандық бизнестің назарын аударуға, іскерлік ақпаратты беруге және оны ашу мәдениетін жетілдіруге, сонымен бірге ашықтығын арттыруға және осы саладағы озық тәжірибені алға жылжытуға бағытталған.

БТА Тобы - ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы банк желілерінің бірі.

"БТА Банкі" АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де жұмыс істейді.

"БТА Банкі" АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 277 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (778) мен өзіне өзі қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкінде 1,3 млн. жеке меншік және 100 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.

2008 жылы The Banker іскерлік журналының ұсынысы бойынша "БТА Банкі" АҚ әлемнің үздік банктері тізіміндегі 295 қатардан 173 қатарға көтеріліп, бір жыл ішінде 100 пункте жоғарылады. 2006-2007 жылдары БТА Банкі беделді "Итоги" қаржы басылымы жүргізген ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша "ТМД-дағы жылдың үздік банкі", сондай-ақ "Euromoney" халықаралық басылымының ұсынуы бойынша "Орта Азиядағы үздік банк" атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблея (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы "Еуропаның үздік компаниясы" ("Best Enterprise of Europe") атағын берді.

2008 жылдың І жартыжылдығындағы қорытынды бойынша "БТА Банкі" АҚ-ының шоғырландырылған активтері 3 356 млрд. теңгеге (27,8 млрд. $) жетіп, капиталы - 474 млрд. теңгені (3,9 млрд. $) құрады. І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша "БТА Банкі" АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 27 830 млн. теңгені (231 млн. $) құрады.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
"БТА Банкі" АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@bta.kz