Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

"БТА Банкі" АҚ Ақтөбе филиалы бас кеңсесінің жаңа ғимараты ашылды

12.12.2008 / Ақтөбе

2008 жылғы 11 желтоқсан күні  БТА Банкінің Ақтөбе филиалы бас кеңсесінің жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды.

Филиалдың жаңа бас кеңсесі Ақтөбе қаласы Әбілқайыр көшесі, 51 мекен-жайында орналасқан. Жалпы алаңы 7,2 мың шаршы метр  ғимаратта заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсету қарастырылған,  сәулеті мен дизайны жағынан  қалаға ерекше көрік беріп тұр.  

«БТА Банкі Ақтөбе филиалының жаңа ғимараты  құрылыс пен банк саласындағы соңғы технологиялар бойынша салынды. Біздің клиенттеріміздің оны жоғары  бағалайтынына, ал ғимараттың өзі Ақтөбе қаласының назар аударарлық орындарының біріне айналатынына сенемін», - деп атап өтті "БТА Банкі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Генриг Холодзинский.

БТА Тобы - ТМД аумағындағы  банк желісін құруда көшбасшы  банк желілерінің бірі. 

«БТА Банкі» АҚ  стратегиялық серіктес банктер желісі   Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері  Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де жұмыс істейді.

«БТА Банкі» АҚ-ның  Қазақстан Республикасы бойынша е ірі  филиалдар желісі  (22 филиалы мен 277 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (778) мен өзіне өзі қызмет көрсететін терминалдары (160)  бар.  БТА Банкінде 1,3 млн. жеке меншік және 100 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.

2008 жылы The Banker іскерлік журналының ұсынысы бойынша «БТА Банкі» АҚ әлемнің үздік банктері тізіміндегі 295 қатардан  173 қатарға көтеріліп,  бір жыл ішінде 100 пункте жоғарылады. 2006-2007 жылдары БТА Банкі беделді «Итоги» қаржы басылымы жүргізген  ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша  «ТМД-дағы жылдың үздік банкі», сондай-ақ   «Euromoney» халықаралық басылымының ұсынуы бойынша «Орта Азиядағы үздік банк» атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблея (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe»)  атағын берді. 

2008 жылдың   І жартыжылдығындағы қорытынды бойынша «БТА Банкі» АҚ-ының шоғырландырылған активтері 3  356 млрд. теңгеге (27,8 млрд. $) жетіп,  капиталы - 474 млрд. теңгені (3,9 млрд. $) құрады. І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «БТА Банкі» АҚ шоғырладырылған таза пайдасы 27 830 млн. теңгені (231 млн. $) құрады.

Ақтөбе  филиалы 1991 жылы құрылды. Бұл БТА Банкінің республика бойынша ірі филиалдарының бірі және облыстағы банк қызметтері нарығының көшбасшысы.

2007 жылдың 11 айы ішінде шағын және  орта кәсіпкерлік субъектілеріне шамамен 44  млрд. теңге көлемінде несие берілді.

2008 жылдың 11 айы ішінде шағын және  орта кәсіпкерлік субъектілеріне шамамен 51 млрд. теңге көлемінде несие берілді.

  • БТА Банкінің Ақтөбе  филиалы «Қазына» бағдарламасына қатысады: аталмыш бағдарлама бойынша БТА Банкіне бөлінген 5 млрд. теңгеден   1 млрд. теңгені  1 желтоқсандағы жай-күйі бойынша  Ақтөбе филиалы несиеге берді, жылдың соңына дейін 2 млрд. теңгеден астамы берілетін болады.
  • «Даму - аймақтар»  бағдарламасы  бойынша 870 млн. теңге бөлінді, жыл аяғына дейін барлық қаржы игерілетін болады.
  • БТА Банкінің Ақтөбе  филиалына облыс тұрғындары зор сенім артады, жеке тұлғалар депозитінің жыл сайынғы өсімінің 11 пайыздан 15 пайызға артуы осыны дәлелдейді. 
    01.01.2007 жылғы жай-күйі бойынша тартылған депозиттер көлемі 18,2 млрд. теңгені құрады.
    01.01.2008 жылғы жай-күйі бойынша тартылған депозиттер көлемі 21 млрд. теңгені құрады.
    01.12.2008 жылғы жай-күйі бойынша тартылған депозиттер көлемі 23,1 млрд. теңгені құрады.
    Сәйкес мерзіммен салыстыру бойынша депозит тартудың орташа мөлшерлемесі 2 пайызға артты.
  • Бүгінгі таңдағы  ЕДБ арасындағы Ақтөбе  филиалының үлесі: 
    • жеке тұлғалардың депозиттері бойынша шамамен  - 54 % -ға жуық
    • заңды тұлғалардың депозиттері бойынша - 51 % -дан астам
    • жеке тұлғалардың несиелері бойынша - 22%-дан астам
    • заңды тұлғалардың несиелері бойынша   - 31 %-дан астам
    • шет ел  валютасын сатып алуды - 60 % -ға жуық
    • шет ел  валютасын сатуда - 52 % -дан астам
    • қабылданған коммуналдық төлемдер көлемі бойынша  - 70 %-дан астам

БТА Банкінің Ақтөбе  филиалының   Ақтөбе облысы бойынша ең ірі тармақталған бөлімшелер желісі бар, бұл клиенттерге қызмет көрсетуде өте ыңғайлы. БТА-ның Ақтөбе  филиалының құрамында  Кеңқиядағы, Шалқардағы, Ембідегі, Шұбарқұдықтағы, Бадамшадағы, Алғадағы 10 бөлімшені және  Қандыағаше пен  Хромтаудағы әрқайсысы екі бөлімшені қосқанда барлығы 29 бөлімшесі бар.      

2007 жылы филиалда Бөлшек сауданы несиелендіру орталығы мен 6 жаңа бөлімшесі ашылды. 2008-2011 жылдары облыстағы  Байғанин, Ырғыз, Мартук, Мұғалжар, Әйтеке би және  Хобдинск аудандарында 6 бөлімше ашу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда  облыста 59 банкомат, 170-ке жуық POS- терминалдар, 6 өз өзіне қызмет көрсететін терминалдар, 1 Cash&Pay орнатылған. Жылдың соңына дейін 3 ААП (автоматты айырбастау пунктін), 24 банкомат,  50 Cash&Pay мен  50 POS-терминалдар орнату жоспарлануда.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
«БТА Банкі» АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@bta.kz