Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

“БТА Банкі”АҚ болат өндіретін зауыт құрылысын қаржыландырды

18.12.2008

15 желтоқсан күні Ақтау қаласында дайын өнімді, оның ішінде болат дайындамалары, арматура, сортты прокатты өндіру қуаттылығы 300 мың тонна металлургия зауыты ашылды.

“Caspian Stal”ЖШС-ының бұл жобасын «БТА Банкі» АҚ жалпы сомасы 47,5 млн. АҚШ долларына қаржыландырды.

Зауыт құрылысы аясында әкті күйдіру цехы сатып алынды, 2 автокөлік үшін өрт сөндіру депосы, сусымалы материалдарды сақтауға арналған жабық қоймалар, қоқыстарды түсіруге және сақтауға арналған алаңдар салынды.

“Caspian Stal” компаниясы өз қызметінің алғашқы жылында өндіріс көлемін 72 пайызға дейін жеткізбек, атап айтқанда, болат дайындамаларын шығару көлемін жылына 168 мың тоннаға дейін, ал арматура өнімінің көлемін жылына 48 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Кәсіпорында 500-ден астам адам жұмыс істейді.

«Ақтаудағы металлургиялық зауыттың ерекшелігі - ол шикізаттың алуан түрлерін: мұнай скважиналарын өндеуде және пайдалануда пайда болатын түрлі сортты және түрлі пішіндегі металл сынықтарынан бастап ірі комбинаттарда жоғары сапалы болатты әзірлеу барысында пайдаланылатын арнаулы металдандырылған жентектерге дейін пайдалануға арналған. Сонымен бірге кәсіпорынның қоршаған ортаға шығарылатын қалдықтарды жоғары дәрежеде тазартады. Өндіріс кезінде алынған өнім жолды жабуға арналған материалдарды әзірлеу барысында пайдаланылатын болады», - деп атап өтті ашылу салтанатында «БТА Банкі» АҚ клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер Руслан Сахипов.

БТА Тобы - ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы банк желілерінің бірі.

2008 жылдың І жартыжылдығындағы қорытынды бойынша «БТА Банкі» АҚ-ының шоғырландырылған активтері 3 356 млрд. теңгеге (27,8 млрд. $) жетіп, капиталы - 474 млрд. теңгені (3,9 млрд. $) құрады. І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «БТА Банкі» АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 27 830 млн. теңгені (231 млн. $) құрады.

«БТА Банкі» АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де жұмыс істейді.

«БТА Банкі» АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 277 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (778) мен өзіне өзі қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкінде 1,3 млн. жеке меншік және 100 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.

2008 жылы The Banker іскерлік журналының ұсынысы бойынша «БТА Банкі» АҚ әлемнің үздік банктері тізіміндегі 295 қатардан 173 қатарға көтеріліп, бір жыл ішінде 100 пункте жоғарылады. 2006-2007 жылдары БТА Банкі беделді «Итоги» қаржы басылымы жүргізген ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша «ТМД-дағы жылдың үздік банкі», сондай-ақ «Euromoney» халықаралық басылымының ұсынуы бойынша «Орта Азиядағы үздік банк» атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблея (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағын берді.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
«БТА Банкі» АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@bta.kz