Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

“БТА Банкі” АҚ қолдауымен Шыңғыс Айтматовтың тұңғыш толық шығармалар жинағы жарық көрді

22.12.2008

«Мен тіршілікті өмірдің өзі белгілеп берген трагедия ретінде сезінемін..».
Ш. Айтматов


“Әлем Арт” қоғамдық қоры мен Айтматов атындағы халықаралық қор “БТА Банкінің” қолдауымен және Айтматовтар отбасының редакциялауымен Ш. Айтматовтың 8 томнан тұратын алғашқы толық шығармалар жинағын (қаз-қалпында) ұсынды.

Сегіз томдық жинаққа автордың барлық туындылары енгізілді. Сондай ақ онда 50-60-жылдардағы публицистика, қазіргі заманның белгілі жазушыларымен болған ойлы диалогтары (К. Воннегут, Д. Икэда және т.б.), пьесалары, автордың әңгімелері мен сөйлеген сөздері, барлық айрықша романдары, сонымен бірге “Когда падают горы (Вечная невеста)” деп аталатын соңғы романы, ТМД ның жетекші әдебиеттанушыларының алғы сөздері ұсынылып отыр. Сонымен қатар әр туынды ерекше безендірілген.

2008 жылы сәуірде Айтматов “БТА Банкі” акционерлік қоғамы Директорлар Кеңесінің Тәуелсіз мүшесі болды. Банк автормен біріге отырып, сегіз томдық алғашқы толық шығармалар жинағын (кеңестік басылымдарда жарық көрген жарияланымдармен қоса, еш қысқартусыз) басып шығару туралы шешім қабылдаған болатын. Кітапты автордың 80 жылдығы қарсаңында шығару жоспарланған еді.

Шара барысында БТА Банкі мен “Әлем Арт” қоғамдық қоры “Белые сны по дороге домой” (режиссері: Рауф Мәмедов) атты жазушының шығармашылық жолына қатысты түсірілген соңғы деректі фильмді журналистер назарына ұсынды. Фильмнің ресми премьерасы Шыңғыс Айтматовтың 80 жылдығында – 12 желтоқсан күні - РТР телеарнасында көрсетілді (Ресей).

Ш. Айтматовтың есімі таныстыруды қажет етпейді. Оның шығармашылығы – өз оқырманына арнап қағаз бетіне түсірілген өмір-айнасы іспетті. Өткен ғасырдың сонау 70-жылдары жазушы сөз шебері ретінде танылды және кеңес әдебиетінің майталманы ретінде мойындалып үлгерді. Оның туындыларына мұң, халық ауыз әдебиетінің элементтері, шынайылық, ізгілік пен ой елегінен өткен сөз маржаны тән еді. Көптеген беделді халықаралық сыйлықтардың лауреаты Ш. Атматовтың кітаптары 176 тілге аударылып, әлемнің 128 елінде басылып шықты. Айтматов кітаптарының жалпы таралымы – 80 миллион данадан асып жығылады. Оның туындыларының негізінде опералар, фильмдер, қойылымдар түсірілді.


Барлық сауалдар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:
Әсел Жетмекова, "Әлем Арт" ҚҚ
+7272 93 80 89, +7 701 479 97 01
jetmekova@hotmail.com