Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу жөніндегі хабарлама

29.12.2008

«БТА Банкі» акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ы/а, Жолдасбеков көш., 97, Директорлар Кеңесінің 29.12.2008 ж. № 12-4 шешіміне сәйкес, Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру жөнінде хабарлайды.

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2009 жылдың 30 қаңтарында 10 сағат 30 минутта өткізіледі, акционерлерді тіркеудің басталуы - 10.00 сағатта, мекенжайы: Алматы қ., «Самал-2» ы/а, Жолдасбеков көш., 97, А2 Блогы, 2 қабат, Мәжіліс залы.

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлер тізімі 2008 жылдың 29 желтоқсанына сәйкес әзірленген.


«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылды жалпы жиналысының күн тәртібі:

  1. «БТА Банкі»АҚ-ның жарияланған акциялар санының ұлғайғандығы туралы.
  2. «БТА Банкі» АҚ-ның ішкі нормативтік құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы.

Кворум болмаған жағдайда, акционерлердің қайталама жалпы жиналысы 2008 жылдың 2 ақпанында 10 сағат 30 минутта өткізіледі: Алматы қ., «Самал-2» ы/а, Жолдасбеков көш. 97, А2 Блогы, 2 қабат, Мәжіліс залы. Акционерлерді тіркеудің басталуы – 10.00 сағ.

Барлық қажетті сұрақтар бойынша акционерлер мына мекенжайға хабарласа алады: Алматы қ., Қонаев көш., 66, 114 каб, тел.2 (727) 505 184.