Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

“БТА Банкі” АҚ ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін енгізу туралы сертификатты растады

30.12.2008 / Баспасөз орталығы

“БТА Банкі” АҚ ISO 27001 стандартындағы сертификаты расталған постсертификаттық аудиттен сәтті өткенін хабарлайды.

БТА Банкі қазақстандық банктердің арасында бірінші болып Британдық стандарттар институты (BSI) әзірлеген ISO 27001 халықаралық стандартына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін (АҚБЖ) енгізуді аяқтады.

АҚБЖ әрекет ету аумағы заңды тұлғаларға “БТА-Online” қашықтықтан банктік қызмет көрсету жүйесін қамтиды, ол халықаралық сарапшылардың сертификациялауы нәтижесінде жоғары дәрежеде қорғалған өнім ретінде танылған.

АҚБЖ ақпараттық қауіпсіздік қатерінің тәуекелдігін шектейтіндіктен БТА Банкінің ISO/IEC 27001:2005 сертификатына ие болуы инвестициялық компаниялар, сондай-ақ несиегерлер тарапының сеніп тапсырған ақпаратты банктің сақтауға қабілеттілігіне деген сенімдерін нығайтуға мүмкіндік береді.

ISO/IEC 27001:2005 стандарты құжатталған АҚБЖ-ны анықтауға, енгізуге, басқаруға, мониторингілеуге, бағалауға, жүргізуге және үнемі жетілдіріп отыруға қатысты талаптарды белгілейді. Бұл стандарт халықаралық стандартпен сертификациялауға жарамды бірден- бір станарт болып табылады, ол АҚБЖ-ға қойылатын талаптарды анықтайды.

ISO 27001 халықаралық стандартына сәйкес АҚБЖ-ны әзірлеу мен енгізу банктің дамуының IT-стратегиясының, сондай-ақ БТА-ның халықаралық қаржы институты болуы мен дүние жүзіндегі ірі банктердің қатарына кіру стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады.

“БТА Банкі” АҚ АҚБЖ жобасын жасап, енгізген ресейлік “Информзащита” компаниясы.

БТА Тобы - ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы банк желілерінің бірі. 2008 жылдың ІІІ тоқсанындағы қорытынды бойынша “БТА Банкі” АҚ-ының шоғырландырылған активтері 3 671 млрд. теңгеге (30,6 млрд. АҚШ долл.), несие қоржыны 2 814 млрд. теңгеге (23,5 млрд. АҚШ долл.)жетті. “БТА Банкі” АҚ-ының шоғырландырылған таза кірісі ІІІ тоқсандағы қорытынды бойынша 35,2 млрд. теңгеге (293 млн. АҚШ долл.) жетті.

“БТА Банкі” АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиадар желісі (22 филиалы мен 277 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (778) мен өзіне өзі қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкінде 1,3 млн. жеке меншік және 100 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.

2008 жылы The Banker іскерлік журналының ұсынысы бойынша “БТА Банкі” АҚ әлемнің үздік банктері тізіміндегі 295 қатардан 173 қатарға көтеріліп, бір жыл ішінде 100 пункте жоғарылады. 2006-2007 жылдары БТА Банкі беделді “Итоги” қаржы басылымы жүргізген ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша “ТМД-дағы жылдың үздік банкі”, сондай-ақ “Euromoney” халықаралық басылымының ұсынуы бойынша “Орта Азиядағы үздік банк” атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблея (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы “Еуропаның үздік компаниясы” (“Best Enterprise of Europe”) атағын берді.
БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
“БТА Банкі” АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@bta.kz