Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

“БТА Банкі” АҚ 250 млн. АҚШ доллары сомасындағы еурооблигацияны өтеді

23.01.2009

“БТА Банкі” АҚ 250 млн. АҚШ доллары көлеміндегі екі жылдық еурооблигацияны дер кезінде өтеді.

Ол 2007 жылдың қаңтарында “Global Medium Term Note” бағдарламасы аясында орналастырылған болатын. Орналастыруды ұйымдастырушылар JP Morgan және Credit Suisse. Купондық мөлшерлеме 3М LIBOR+137,5 базистік пунктті құрады.

Банктің шетелдік қарыз берушілер алдындағы өз міндеттемелерін белгіленген мерзімде сәтті орындауы оның өтемпаздық деңгейінің жеткілікті екенін және сенімді банк екенін көрсетеді.

БТА тобы ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшылардың бірі.

2008 жылдың ІІІ тоқсанындағы қорытынды бойынша “БТА Банкі” АҚ-ының шоғырландырылған активтері 3 671 млрд. теңгеге (30,6 млрд. АҚШ долл.), несие қоржыны 2 814 млрд. теңгеге (23,5 млрд. АҚШ долл.) жетті. ІІІ тоқсандағы қорытынды бойынша “БТА Банкі” АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 35,2 млрд. теңгені (293 млн. АҚШ долл.) құрады.

“БТА Банкі” АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де жұмыс істейд.

“БТА Банкі” АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 279 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (787) мен өз-өзіне қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкінде шамамен 1,3 млн. жеке меншік және 150 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.

2008 жылы The Banker іскерлік журналының ұсынысы бойынша “БТА Банкі” АҚ әлемнің үздік банктері тізіміндегі 295 қатардан 173 қатарға көтеріліп, бір жыл ішінде 100 пунктке жоғарылады. 2006-2007 жылдары БТА Банкі беделді “Итоги” қаржы басылымы жүргізген ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша “ТМД-дағы жылдың үздік банк””, сондай-ақ “Euromoney” халықаралық басылымының ұсынуы бойынша “Орта Азиядағы үздік банк” атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблея (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразиялық аймақтың банк секторындағы “Еуропаның үздік компаниясы” (“Best Enterprise of Europe”) атағын берді.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
“БТА Банк” АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@bta.kz