Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА халықтарының биі

27.01.2009

Әрбір халық өзінің ұлттық биіне ұлттық бояуларын – мәдениетін, ділін, жігерлілігін қосады. Десек те ұлтына қарамастан би тілі бәріне түсінікті. Халықаралық банк болуды мақсат тұтқан БТА-ның жаңа жарнама компаниясы осы би тақырыбына арналады.

Көп жылдарғы қызметінде БТА Банкі қазақстандықтардың зор сеніміне ие болды, белгілі бизнес қауымдастықтарының марапаттарын иеленді. Үстіміздегі жылдың басында марапаттар қоржыны тағы бір номинациямен толықты. Жыл сайын өткізілетін «Үздік репутациясы бар 50 компанияның рейтингі» зерттеуіне сәйкес БТА қазақстандық банктер арасында бірінші орынды иемденді. Респонденттердің жартысынан астамы банктің бренді танымалдығы жағынан Қазақстандағы 1 аржы институты деп атады.

БТА шетелдік нарықтарда кең ауқымда өз орнын тапқан қазақстандық бірден бір қаржы институты екенін көрсетті. Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Беларусь, Армения, Грузия, Түркия, Қытай және Біріккен Араб Әмірліктері, ТМД-дағы және алыс шетелдердегі он мемлекет БТА бірыңғай кеңістігіне біріктірілді. Банктің халықаралық банк болу стратегиясы жарнама компаниясында бейнеленген, оның екінші кезеңі халықтар биі идеясына құрастырылған. Бейнероликте және билбордтарда түрлі елдердің би ұжымы Аққу, Гопак, Қамажай, Картули билерін билеп тұр.

Би дегеніміздің өзі не? Қимыл-қозғалыс қуанышы, серіктесіңе, еркіндікке, бірлікке, тәуелсіздікке сену. Енді мұны беделді халықаралық банктің клиенті болуды сезінумен салыстыруға болады! Жарнама компаниясының бұл сөздері банктің өз клиенттерімен қарым-қатынасын айқындай түседі. Ал БТА-ның өзгермейтін «Сенімен бірге!» ұраны біздің әртүрлі екенімізді, алайда бір тілде сөйлейтінімізді, біздің дәстүрлеріміздің ұқсастығын, бәріміз үлкен отбасын құрайтынымызды, сіз қай жерде жүрсеңіз де әрқашанда өзіңізге жақын және түсінкт банктің жаныңыздан табылатынын білдіреді.

Биде де өмірдегідей, бизнестегі сияқты серіктестер бір-біріне қолдау көрсетеді. Бас айналдыратын секірулер, жұптық қимылдар күшті кейіпкерлердің өзара әрекетіне негізделген. Жарнамадағы ғажайып элемент алқызыл сызықтар бишілерді айнала қолдан қолға ұшып жүр. Олар қуаттылықты, жігерлілікті, түрлі ұлттардың бишілері арасындағы мызғымас байланысты бейнелейді.

Аса ірі еуразиялық континенттің кіндігінде орналасқан Қазақстан қашанда көп ұлттылығымен ерекшеленеді, ал оның экономикасы әдеттегідей көршілес елдердің серіктестік қарым-қатынастарына байланысты. Сонымен қазақстандықтар қай кезде де түрлі ұлттардың дәстүрлерін ерекше қадірлеп, құрметтейді. Республикамызда жүздеген ұлттар тату-тәтті өмір сүруде. Сондықтан да қазақстандық БТА Банкі қай елде болмасын клиенттердің зор сеніміне ие болады.

БТА Банкі. Сенімен бірге!