Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

“БТА Банкі” АҚ сауданы қаржыландыру бойынша Қазақстандағы үздік банк атанды

28.01.2009

“БТА Банкі” АҚ беделді “Global Finance” халықаралық журналының ұсынуымен “Сауданы қаржыландыру бойынша Қазақстандағы үздік банк” атағына ие болды.

Бұл марапат аталмыш журнал жүргізген “Сауданы қаржыландыруда қызмет көрсететін үздік банктер мен компаниялар” арнайы зерттеуі нәтижесінде берілді. Зерттеу барысында басылым редакторлары талдаушылармен, корпоративтік басшылармен және технологиялық сарапшылармен бірлесіп әлемнің 68 еліндегі сауданы қаржыландыру бойынша үздік компанияларды іріктеді. БТА Банкін Қазақстандағы үздік компания ретінде таңдауда транзакция көлемі, ғаламдық қарызды өтеуі, клиенттерге қызмет көрсетуі, бағаны белгілеуі мен инновациялық технологиялары бойынша көрсеткіштер назарға алынды.

“1982 жылдан бері 2009 жылы әлемдік сауда деңгейі алғаш рет төмендегелі отыр, алайда экспортшылар мен импортшылар өз тәуекелдіктерін барынша мұқият басқаруға тырысатындықтан сауданы қаржыландыру артып келеді”, - деп атап өтті “Global Finance”-тің меншік иесі және президенті Joseph D. Giarraputo. – Біз ғаламдық сауда операцияларын қаржыландыруда және саудаға қатысты басқа да қызметтер бойынша корпорациялар сүйене алатын банктерді іріктеп алдық”.

БТА Банкі сауданы қаржыландыру рыногында қазақстандық банктер арасында көш басында келеді. 2008 жылғы 1 желтоқсандағы жай-күйі бойынша БТА Банкінің бұл рыноктағы үлесі 44 пайызды құрады.

Атап өтерлік бір жәйт, “Trade Finance” және “Global Trade Review” басылымдарының мақұлдауымен құрылымды және сауданы қаржыландыру саласындағы БТА Банкінің жобалары 2005 жылдан бері төрт жыл қатарынан ең үздік мәміле атағына ие болды. Қазір БТА құрылымды және сауданы қаржыландыру саласында халықаралық марапатқа ие болған Қазақстандағы бірден бір банк.

Сонымен қатар БТА Банкі ТМД-дағы бизнесті қарқынды дамытып, осы елдердегі сауданы қаржыландыру бойынша қызмет көрсеткені үшін халықаралық басылымдардың наградаларына ие болды. 2007 жылы “Global Trade Review” журналы Мәскеудегі океанариум құрылысын қаржыландыру жобасын “2007 жылдың үздік мәмілесі” деп бағалады.

БТА тобы ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшылардың бірі.

2008 жылдың ІІІ тоқсанындағы қорытынды бойынша “БТА Банкі” АҚ-ының шоғырландырылған активтері 3 671 млрд. теңгеге (30,6 млрд. АҚШ долл.), кредит қоржыны 2 814 млрд. теңгеге (23,5 млрд. АҚШ долларына) жетті. ІІІ тоқсандағы қорытынды бойынша “БТА Банкі” АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 35,2 млрд. теңгені (293 млн. АҚШ долларын) құрады.

“БТА Банкі” АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 279 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (787) мен өз-өзіне қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкінде шамамен 1,3 млн. жеке меншік және 150 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.

2008 жылы The Banker іскерлік журналының ұсынысымен “БТА Банкі” АҚ әлемнің үздік банктері тізіміндегі 295 қатардан 173 қатарға көтеріліп, бір жыл ішінде 100 пунктке жоғарылады. 2006-2007 жылдары БТА Банкі беделді “Итоги” қаржы басылымы жүргізген ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша “ТМД-дағы жылдың үздік банкі”, сондай-ақ “Euromoney” халықаралық басылымының ұсынуы бойынша “Орта Азиядағы үздік банк” атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблея (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразиялық аймақтың банк секторындағы “Еуропаның үздік компаниясы” (“Best Enterprise of Europe”) атағын берді.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
“БТА Банкі” АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@bta.kz