Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

26.02.2009
Мемлекет басшысы БТА Банкінің лицензиясын жою жөніндегі алып-қашпа әңгімелерді жоққа шығарды
Бұл жөнінде 25 ақпан күні “Ақордада” өткен дағдарысқа қарсы бағдарламаның қол жеткізген қорытындыларына арналған жиында сөз болды.

23.02.2009
БТА Банкі Интернет-банкингтің Қолдау қызметінің жұмыс тәртібін ұзартты
БТА Банкі клиенттерге 2009 жылғы 23 ақпаннан бастап Интернет-банкинг жүйесі Қолдау қызметінің жұмыс тәртібінің ұзарғандығын хабарлайды.

20.02.2009
“БТА Банкі” АҚ несие карталарын тоқтату алынып тасталғанын хабарлайды
20 ақпан күні БТА Банкінің 5 ақпанда несие карталарына салынған уақытша тоқтатуы алынып тасталды.

19.02.2009
«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтыруларды енгізу жөніндегі хабарлама
«БТА Банкі» акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ы/а, Жолдасбеков к-сі, 97, Директорлар кеңесінің 03.02.2009 ж. №2-1 шешіміне сәйкес, 2009 жылдың 06 наурызына белгіленген Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілетін толықтырулар жөнінде хабарлайды

16.02.2009
Әнуар Сәйденов “БТА Банкі” АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
2009 жылғы 16 ақпан күні “БТА Банкі” АҚ Директорлар кеңесінің мәжілісінде “Банктер және ҚР-дағы банк қызметі туралы» ҚР заңнамасына сәйкес ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы басшысы Әнуар Сәйденовті Басқарма төрағасы қызметіне тағайындау жөнінде шешім қабылданды.

13.02.2009
Жиі қойылатын сауалдардың жауабы
БТА Банкінің капиталына мемлекеттің қатысуы салымшылар мен несиегерлердің сенімін арттыруға елеулі шарттар жасайды. Қаржы институтының акционерлері мен менеджменті БТА Банкінің отандық банк жүйесінің көшбасшысы мәртебесін сақтамақ ниетте. Банктің одан әрі дамуы туралы толығырақ “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ басқарма төрағасының орынбасары, “БТА Банкі” АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы Арман Дунаев әңгімелеп береді.

05.02.2009
«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу жөніндегі хабарлама
«БТА Банкі» Акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ы/а, Жолдасбеков көш., 97, 2008 ж. 03 ақпандағы Директорлар Кеңесінің № 2-1 шешіміне сәйкес, Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру жөнінде хабарлайды.

04.02.2009
“Самрұқ-Қазына”ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ БТА Банкіне 1,7 млрд. доллар ақша аударды және қаржы институтының басшылық органын қалыптастыруды әрі қарай жалғастырады
2009 жылғы 3 ақпан күні болған Директорлар Кеңесінің мәжілісінде Арман Дунаев “БТА Банкі” АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды. Сонымен қатар БТА Банкінің Басқарма құрамына бұдан бұрын “Астана-финанс” АҚ Директорлар Кеңесін басқарған Сәдуақас Мәмештегі, “Самрұқ-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ өкілі Рахимов Сейітқали тағайындалды. Сондай-ақ БТА Банкі акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу жөнінде шешім қабылданды, жиналыс 2009 жылғы 6 наурыз күнге белгіленді.

02.02.2009
Мемлекет “БТА Банкі” АҚ акцияларын сатып алды
Кейінгі үш ай ішіндегі экономикалық ахуалдың қиындауына байланысты Үкімет ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің “БТА Банкі” АҚ акцияларының бақылау пакетін сатып алу жөніндегі ұсынысын қабылдады.