Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

“Самрұқ-Қазына”ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ БТА Банкіне 1,7 млрд. доллар ақша аударды және қаржы институтының басшылық органын қалыптастыруды әрі қарай жалғастырады

04.02.2009

2009 жылғы 3 ақпан күні болған Директорлар Кеңесінің мәжілісінде Арман Дунаев “БТА Банкі” АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды. Сонымен қатар БТА Банкінің Басқарма құрамына бұдан бұрын “Астана-финанс” АҚ Директорлар Кеңесін басқарған Сәдуақас Мәмештегі, “Самрұқ-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ өкілі Рахимов Сейітқали тағайындалды. Сондай-ақ БТА Банкі акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу жөнінде шешім қабылданды, жиналыс 2009 жылғы 6 наурыз күнге белгіленді.

Осы күні А. Дунаев 2 ақпан күні ҚР Ұлттық Банкіндегі арнайы ағымдық шотқа “Самрұқ-Қазына” қорынан 212 млрд. теңге (1,7 млрд. АҚШ доллары) түскенін мәлімдеді. Сонымен бірге мемлекеттік компанияның есеп айырысу шотына қаржы келіп түсе бастады. 3 ақпаннан бастап барлық төлемдер басымдықтарға сәйкес ағымдық тәртіппен жүзеге асырылатын болады.

Арман Дунаев мемлекеттің БТА Банкінің капиталына қатысуы депозиторлар мен кредиторлардың сенімінің артуына септігін тигізетінін атап өтті. “Мен БТА Банктің клиенттері мен серіктестерін банктің қызметі туралы жағымсыз ақпаратты бейресми ақпарат көздері ратып жатқанына және олардың нақты жағдайды білдірмейтініне сендіргім келеді. Жақын күндері банк клиенттердің шоттарына қызмет көрсету мен төлемдер жасауда қалыптасқан жағдайды жасқартуға барлық күш-жігерін салады. Қазақстандағы ірі жүйе құрушы банк болып табылатын БТА Банкі алдағы уақытта да мемлекеттік бағдарламаларға қатыса беретініне кәміл сенеміз. Атап айтқанда, жуырда БТА Банкі 10 млрд. теңге көлеміндегі шағын және орта кәсіпті несиелендіру бағдарламасына әрі қарай қатысады деп күтудеміз”.

“БТА Банкі” АҚ еншілес банктері мен серіктес банктеріне келетін болсақ, ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрайымы Елена Бахмутованың айтуынша, БТА Банкі өзінің еншілес банктері және тәуелді компанияларымен бірге бұрынғысынша қызмет етеді, барлық акционерлердің акциялар саны бұрынғысынша сақталады және олар ие болған үлес бойынша банкті басқаруға қатысады. Екіншіден, еншілес және тәуелді компаниялар – олар өздері қызмет көрсететін елдердің реттеуші тәртібіне сәйкес әрекет ететін заңды тұлғалар және олар бұрынғы тәртіппен жұмыс істей береді.

Өз кезегінде Қаржы министрі Болат Жәмішев “Мемлекет банктің табысты жұмыс істеуі үшін жан-жақты жағдай жасайды және банктің қайтадан жеке меншік банк болуы үшін барлық шараларды қарастырады” деп мәлімдеді.

БТА тобы ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшылардың бірі.

2008 жылдың ІІІ тоқсанындағы қорытынды бойынша “БТА Банкі” АҚ-ының шоғырландырылған активтері 3 671 млрд. теңгеге (30,6 млрд. АҚШ долл.), кредит қоржыны 2 814 млрд. теңгеге (23,5 млрд. АҚШ долларына) жетті. ІІІ тоқсандағы қорытынды бойынша “БТА Банкі” АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 35,2 млрд. теңгені (293 млн. АҚШ долларын) құрады.

“БТА Банкі” АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда, БАӘ-де және Ұлыбританияда жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 279 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (787) мен өз-өзіне қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкінде шамамен 1,3 млн. жеке меншік және 150 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.

2008 жылы The Banker іскерлік журналының ұсынысымен “БТА Банкі” АҚ әлемнің үздік банктері тізіміндегі 295 қатардан 173 қатарға көтеріліп, бір жыл ішінде 100 пунктке жоғарылады. 2006-2007 жылдары БТА Банкі беделді “Итоги” қаржы басылымы жүргізген ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша “ТМД-дағы жылдың үздік банкі”, сондай-ақ “Euromoney” халықаралық басылымының ұсынуы бойынша “Орта Азиядағы үздік банк” атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблея (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразиялық аймақтың банк секторындағы “Еуропаның үздік компаниясы” (“Best Enterprise of Europe”) атағын берді.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
“БТА Банкі” АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@bta.kz