Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу жөніндегі хабарлама

05.02.2009

«БТА Банкі» Акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ы/а, Жолдасбеков көш., 97, 2008 ж. 03 ақпандағы Директорлар Кеңесінің № 2-1 шешіміне сәйкес, Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру жөнінде хабарлайды.

"БТА Банкі" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2009 жылғы 06 наурызында 10 сағат 30 минутта, ал акционерлерді тіркеудің басталуы 10.00 сағатта, мына мекенжайда өтеді: Алматы қ., Самал-2 ы/а, Жолдасбеков көш., 97, 2 қабат.

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына қатысу құқығын иеленген акционерлер тізімі 2009 жылғы 05 ақпандағы күйі бойынша әзірленді.

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:

  1. “БТА Банкі” АҚ Директорлар Кеңесі құрамындағы өзгерістер жөнінде.
  2. Санақ комиссиясы құрамындағы өзгерістер жөнінді.

Кворум болмаған жағдайда, акционерлердің қайталанған жалпы жиналысы 2009 жылғы 07 наурыз, 10 сағат 30 минутта, мына мекенжайда өтеді: Алматы қ., Самал-2 ы/а, Жолдасбеков көш., 97, 2 қабат. Акционерлерді тіркеудің басталуы – 10.00 сағат.

Акционерлер барлық сұрақтар бойынша келесі мекенжайға хабарласа алады: Алматы қ., Қонаев көш., 66, 524 каб., тел. +7 (727) 250-51-84.