Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Әнуар Сәйденов “БТА Банкі” АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

16.02.2009 /  Пресс-служба 

2009 жылғы 16 ақпан күні “БТА Банкі” АҚ Директорлар кеңесінің мәжілісінде “Банктер және ҚР-дағы банк қызметі туралы» ҚР заңнамасына сәйкес ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы басшысы Әнуар Сәйденовті Басқарма төрағасы қызметіне тағайындау жөнінде шешім қабылданды.

Банктің бұрынғы басшысы Роман Солодченко Басқарма Төрағасының орынбасары қызметіне ауысты.

“БТА Банкі” АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы А. Дунаев: “БТА Банкінің басшылық командасына қаржы саласында зор тәжірибесі бар білікті топ-менеджерлердің келуі тиімді болатыны сөзсіз, бұл қаржы нарығындағы банктің ұстанымын нығайтуға мүмкіндік береді”, - деп атап өтті.

Әнуар Сәйденов өз кезегінде БТА Банкінің Қазақстанның банк жүйесіндегі көшбасшы және ТМД-дағы ірі қаржы институты болып қалуы үшін қаржы саласындағы барлық тәжірибелерін қолданатынын айтты.

Әнуар Сәйденов 1960 жылы 19 қыркүйекте Мәскеуде дүниеге келген. М.В.Ломоносов атындағы ММУ-дың, Лондон университетінің экономика факультетін тәмамдаған. Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің (Лондон) банкирі, ҚР Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің атқарушы директоры, ҚР Инвестициялар жөніндегі агенттігінің төрағасы, ҚР Қаржы вице-министрі, “ҚР Халықтық банкі” ААҚ басқарма төрағасы, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары және төрағасы қызметтерін атқарды.


БТА тобы ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшылардың бірі.

2008 жылдың ІІІ тоқсанындағы қорытынды бойынша “БТА Банкі” АҚ-ының шоғырландырылған активтері 3 671 млрд. теңгеге (30,6 млрд. АҚШ долл.), кредит қоржыны 2 814 млрд. теңгеге (23,5 млрд. АҚШ долларына) жетті. ІІІ тоқсандағы қорытынды бойынша “БТА Банкі” АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 35,2 млрд. теңгені (293 млн. АҚШ долларын) құрады.

“БТА Банкі” АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда, БАӘ-де және Ұлыбританияда жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 279 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (787) мен өз-өзіне қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкінде шамамен 1,3 млн. жеке меншік және 150 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.

2008 жылы The Banker іскерлік журналының ұсынысымен “БТА Банкі” АҚ әлемнің үздік банктері тізіміндегі 295 қатардан 173 қатарға көтеріліп, бір жыл ішінде 100 пунктке жоғарылады. 2006-2007 жылдары БТА Банкі беделді “Итоги” қаржы басылымы жүргізген ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша “ТМД-дағы жылдың үздік банкі”, сондай-ақ “Euromoney” халықаралық басылымының ұсынуы бойынша “Орта Азиядағы үздік банк” атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблея (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразиялық аймақтың банк секторындағы “Еуропаның үздік компаниясы» (“Best Enterprise of Europe”) атағын берді.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
“БТА Банкі” АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
+7 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@bta.kz