Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

“БТА Банкі” АҚ несие карталарын тоқтату алынып тасталғанын хабарлайды

20.02.2009 /  Баспасөз орталығы 

20 ақпан күні БТА Банкінің 5 ақпанда несие карталарына салынған уақытша тоқтатуы алынып тасталды.

Бекітілген несиелік лимиті бар төлем карталары карточка жүйесін жоспардағы техникалық қайта құрылымдауға байланысты уақытша тоқтатылған болатын. Қазір карточка ұстаушыларға қызмет көрсету жылдамдығы едәуір артты.

Сонымен бірге дебеттік (оның ішінде жалақы бойынша да) карточка төлеміне банк тарапынан ешқандай шектеу қойылған жоқ және техникалық іркілістер болған жоқ.

Несие карталарының үлесі БТА Банкінің жалпы төлем картасы санының 20 пайызын құрайды.

БТА тобы ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшылардың бірі.

2008 жылдың ІІІ тоқсанындағы қорытынды бойынша “БТА Банкі” АҚ-ының шоғырландырылған активтері 3 671 млрд. теңгеге (30,6 млрд. АҚШ долл.), кредит қоржыны 2 814 млрд. теңгеге (23,5 млрд. АҚШ долларына) жетті. ІІІ тоқсандағы қорытынды бойынша “БТА Банк” АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 35,2 млрд. теңгені (293 млн. АҚШ долларын) құрады.

“БТА Банкі” АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстн мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда, БАӘ-де және Ұлыбританияда жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 279 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (787) мен өз-өзіне қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкінде шамамен 1,3 млн. жеке және 150 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.

2008 жылы The Banker іскерлік журналының ұсынысымен “БТА Банкі” АҚ әлемнің үздік банктері тізіміндегі 295 қатардан 173 қатарға көтеріліп, бір жыл ішінде 100 пунктке жоғарылады. 2006-2007 жылдары БТА Банкі беделді “Итоги” қаржы басылымы жүргізген ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша “ТМД-дағы жылдың үздік банкі”, сондай-ақ “Euromoney” халықаралық басылымының ұсынуы бойынша “Орта Азиядағы үздік банк” атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблея (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразиялық аймақтың банк секторындағы “Еуропаның үздік компаниясы” (“Best Enterprise of Europe”) атағын берді.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
“БТА Банкі” АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@bta.kz