Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінде Директорлар Кеңесінің жаңа құрамы бекітілді

06.03.2009 /  Баспасөз-қызметі 

6 наурызда “БТА Банкі” АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында 9 адамнан тұратын Директорлар кеңесінің құрамын бекіту жөнінде шешім қабылданды.

Осылайша Директорлар кеңесінің құрамына Арман Дунаев, Әнуар Сәйденов, Абай Ескендіров, Қайрат Әйтекенов, Айдан Кәрібжанов, Ерлан Тәтішевтер кіреді. Сондай-ақ Константин Корищенко, Юрки Талвитие және Ульф Вокурка тәуелсіз директорлар болып табылады.

Төмендегі Директорлар кеңесі мүшелерінің: Ақмарал Әблязованың, Татьяна Парамонованың, Талғат Ахсамбиевтің, Еркін Тәтішевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Сонымен қатар акционерлердің жалпы жиналысында 2009 жылдың 30 қаңтарындағы акционерлердің жалпы жиналысында қабылданған жарғылық капиталды арттыру туралы шешімді бұзу жөнінде шешім қабылданды. Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылғы 30 қаңтарда банктің 3 088 082 (үш миллион сексен сегіз мың сексен екі) дана жай және 1 587 854 (бір миллион бес жүз сексен жеті мың сегіз жүз елу төрт) артықшылықты акцияларының санын арттыру жөнінде шешім қабылданған болатын.

БТА тобы ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшылардың бірі. “БТА Банкі” АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда, БАӘ-де және Ұлыбританияда жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 279 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (787) мен өз-өзіне қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкінде шамамен 1,3 млн. жеке және 150 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.


БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
“БТА Банкі” АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@bta.kz