Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Құрметті акционер!

12.03.2009

Осы арқылы «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) екінші деңгейлі банктердің капиталына қатысу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Банктер және банктік қызметтер туралы» заңының 17-бабы 5-тармағына сәйкес оффшорлы аймақта тіркелген заңды тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлері) болып табылатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының резидент-банктерінің дауыс беретін акцияларын тікелей немесе жанама иемденуге және (немесе) пайдалануға және (немесе) билік жүргізуге құқықсыз.

Аталмыш Заңға сәйкес акционер жоғарыда аталған талапты орындамаған жағдайда, бұл акционер Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға жіберілмейді.

Оффшорлы аймақтың тізімі уәкілетті органмен бекітіледі. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттік Басқармасының 02.10.2008ж. №145 қаулысына сәйкес оффшорлы аймақ 5-тен 43 аумаққа дейін ұлғайтылды (қаулы қоса беріледі).

Осы қаулыға сәйкес оффшорлы аймақта тіркелген батердің акционерлері өздерінің қызметін 2009 жылғы 1 сәуірге дейін осы қаулы талаптарына сәйкес келтіруі тиіс.

Осыған байланысты, Сіз оффшорлы аймақта тіркелген заңды тұлғалардың қатысушысы (құрылтайшысы, акционері) болсаңыз, онда Сіз 2009 жылғы 1 сәуірге дейін өзіңіздің қызметіңізді заңнама талаптарына сәйкес келтіруіңіз тиіс.


Қосымша: