Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

“БТА Банкі” АҚ мен “ҚазАгро” Ұлттық холдингі” АҚ Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

12.03.2009 /  Баспасөз-қызметі 

“БТА Банкі” АҚ мен “ҚазАгро” ҰХ” АҚ 2009-2010 жылдарға арналған экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру туралы мемлекеттік бағдарлама аясында агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау мақсатында жасалған Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қол қойылған құжатқа сәйкес тараптар көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді қаржыландырудың тиімді жүйесін жасауда, сондай-ақ қазақстандық бидай экспортының инфрақұрылымын дамытудағы инвестициялық жоспарларды жүзеге асыруда және тамшылай суару технологиясын қолданып жеміс-көкөніс өндірісінің мәдениетін дамытуда күш біріктіруді жоспарлап отыр.

Атап айтқанда, БТА Банкі мен “ҚазАгро” ҰХ жобаларды қаржыландыруға арналған мемлекеттік қаржыны “ҚазАгро” ҰХ еншілес компаниялары – “Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы” мен “Аграрлық несиелік корпорация” АҚ арқылы ЕДБ кепілдігімен немесе компаниялар ұсынған астық қолхаты арқылы жұмсауға уағдаласты.

ЕДБ-нің кепілдігін алуға “ҚазАгро” ҰХ-ға бөлінетін жалпы сома 84 млрд. теңге, оның 13 млрд. теңгеден астамы БТА Банкіне бөлінді.

Сонымен бірге ос Меморандум аясында БТА Банкі Иволга Холдинг, “Батт Агро” ЖШС және тағы басқа ірі компаниялардың міндеттемелеріне кепілдік беруді жоспарлап отыр.

БТА тобы ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы топтардың бірі. “БТА Банкі” АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда, БАӘ-де және Ұлыбританияда жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 279 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (787) мен өз-өзіне қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкінде шамамен 1,3 млн. жеке және 150 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.


“ҚазАгро” Ұлттық холдингі” АҚ ҚР Президентінің 11 желтоқсандағы “Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың кейбір мәселелері туралы” №220 Жарлығына сәйкес бәсекеге қабілетті және эскпортқа бағытталған агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында құрылған.


БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
“БТА Банкі” АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@bta.kz