Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА банк өз салымшылары мен клиенттері және кредиторлары алдындағы міндеттемелерін орындап жатыр

17.03.2009 /  «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫ» АҚ 

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ 2009 жылдың 2-ақпанында «БТА банктің» дауыс беруші акцияларының 75 пайызын алғаннан кейін, банктегі жағдай тұрақтанды.

Төлемдердің барлық түрі еш кедергісіз өтіп жатыр. Егер бұдан бұрын жеке тұлғалардың өз депозиттерін жауып кеткен жағдайы болса, наурыздың алғашқы жартысында, депозит ашу жайттары қайтадан байқалуда.

Банк мемлекеттік бағдарламалардың белсенді қатысушысы болып отыр. Сол бағдарламалар аясында, ипотеканы қайта қаржыландыру үшін 40 млрд. теңге, орта және шағын бизнесті қолдау үшін 22 млрд.теңге алып, оның 5 млрд.теңгесін игеріп үлгірді.

«БТА банкі», сонымен қатар, тұрақтандыру шараларын жүзеге асыру мен нақты секторды қолдаудағы негізгі қаржылық институт. Қолындағы бар ресурстардың арқасында банк өз салымшылары мен клиенттері, кредиторлары алдындағы міндеттемелерін орындап жатыр.

«БТА банк» АҚ өзінің сыртқы міндеттерін орындауға да жауапкершілікпен қарайды. Кейбір адамдардың арандатушылық бағыттағы мәлімдемелеріне қарамастан, осы жылы банк негізгі қарызы мен пайыздық өтемақыларының жоспарға сай төлемдерін өтеді.

«БТА банк» АҚ өзінің негізгі акционері «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ бірге, әрі тәуелсіз кеңесшілерімен, Goldman Sachs и White&Case секілді қаржылық және заң жөніндегі кеңесшілерімен бірге, БТА тобын дамытудың жаңа стратегиясын дайындауда. Соның шеңберінде, сыртқы қарыздар жүйесін модификациялау мүмкіндігі туады. Ал ол өз кезегінде банктің ұзақ мерзімдік тұрақты түрде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қоры» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 79-04-16

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 13 қазан, 2008 жылғы Жарлығына сәйкес, «Қазына» Орнықты Даму Қоры» мен «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару Холдингі» «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қоры» болып бірікті.
Мемлекеттік тіркелуіне байланысты, заңды тұлғаның аты былай жазылады:
Мемлекеттік тілде: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат коры» акционерлік қоғамы;
Орыс тілінде: АО «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»;
Ағылшын тілінде: Join-stock company «Sovereign Wealth Fund «Samruk-Kazyna».