Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

“БТА Банкі” АҚ мен “Қазақстан” Республикалық телерадиокорпорациясы” АҚ Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

20.03.2009 /  Баспасөз-қызметі 

20 наурыз күні “БТА Банкі” АҚ Басқарма Төрағасы Әнуар Сәйденов пен “Қазақстан” Республикалық Телерадиокорпорациясы” АҚ Басқарма Төрағасы Жанай Омаров мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру бойынша дағдарысқа қарсы бағдарламасын тиімді жүзеге асыру мақсатында жасалған Меморандумға қол қойды.

Қол қойылған құжатқа сәйкес тараптар республикамыздың қоғамдық өміріндегі өзекті мәселелерді айқындауда, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруда күш біріктіруді жоспарлап отыр.

Атап айтқанда, БТА Банкі мен “Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы” АҚ бақылаудағы барлық БАҚ-та: “Қазақстан” ҰТА, 14 облыстық телеарна, Қазақ радиосы, “Шалқар” радиосы, “Астана” радиосы арқылы кең ауқымды аңдатпамен (анонс) телевизиялық жобалар жасауға уағдаласты.

“БТА Банкі жүйе құраушы банк және экономиканы тұрақтандыру бойынша мемлекеттік бағдарламалардың негізгі операторы болғандықтан еліміздің қоғамдық өміріне белсене араласады. “Қазақстан” корпорациясымен ынтымақтастығымыз ірі телеарнаның эфирі арқылы қазақстандықтардың республикадағы маңызды оқиғалармен хабардар болу деңгейін арттырады», - деп атап өтті қол қою рәсімінде Ә. Сәйденов.


БТА тобы ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшылардың бірі. “БТА Банкі” АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда, БАӘ-де және Ұлыбританияда жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 279 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (787) мен өз-өзіне қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкінде шамамен 1,3 млн. жеке және 150 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
“БТА Банк” АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@bta.kz