Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің басшылығы баспасөз мәслихатын өткізді

25.03.2009 /  Баспасөз-қызметі 

25 наурыз күні БТА Банкінің бас ғимаратында Директорлар Кеңесінің Төрағасы Арман Дунаевтың, Басқарма Төрағасының Орынбасарлары Генриг Холодзинскийдің, Әбіләкім Жұмахметовтың, сондай-ақ Басқарушы директор, Басқарма мүшесі Күнсұлу Қапбасованың қатысуымен баспасөз мәслихаты болып өтті. Банк басшылығы қаржы институтының қазіргі жағдайы мен даму перспективасы туралы әңгімеледі. 

Нақтырақ айтқанда, А. Дунаевтың атап өткеніндей:

  • Бүгінгі таңда БТА-да 620 мың жеке тұлғаға – банктің тұрақты клиенттерінен тұратын 6323 кәсіпорынның қызметкерлеріне Жалақы карточкасы бойынша қызмет көрсетіледі. Наурыз айында банк 17.2 млрд. теңге жалақы төлемдерін берді.
    Қазір банктің депозиттік қоры тұрақталды. Наурыз айының басынан бері депозиттің жылыстауы байқалған жоқ, керісінше, депозитке ақшасын салушы клиенттер қатары артты. Сәуірден бастап біз салымшылар үшін қызықты ұсыныстар («Жеңілдікті курс» бағдарламасы және банктің салымшылары үшін Бонус+1%) ұсынамыз, бұл халыққа түсетін ақшаны ұлғайтуға мүмкіндік береді. 
    Банк өткен мерзімдердің орташа айлық деңгейіне – наурыз айына 8.5 млрд. теңге (шамамен) жеткеннен кейін жеке тұлғалардың төлемдері де тұрақталды (ақпанда 21 пайызға төмендегені байқалған). Біз ЖТМО-мен бірлесіп «Қамқор» (зейнетақы төлемдері мен жәрдемақы) бағдарламасын жүзеге асыру арқылы жеке тұлғалар төлемдері нарығына қатысу үлесімізді ұлғайтуды, сондай-ақ Коммуналдық төлемдер бойынша белсенділігімізді арттыруды көздеп отырмыз.

Сонымен қатар Арман Дунаев БТА Банкі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы негізгі оператор ретінде БТА Банкі үшін және БТА Ипотека компаниясы үшін ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға екі депозитке 28 млрд. және 12 млрд. теңгеден 40 млрд. теңге алғанын атап өтті. Бұл қаржыны маусым айының ортасына дейін игеру жоспарланып отыр. Онымен қоса банк ипотеканы қайта қаржыландыруға 300 млн. теңге сомаға 66 өтінімді мақұлдады. Жалпы сомасы 1,9 млрд. теңге 466 өтінім қаралуда. Жалпы сомасы 14,8 млрд. теңге барлығы 3644 өтінім келіп түсті, ол өтінімнің 24 пайызы «әлеуметтік» статусына үміткерлер. 
Шағын және орта бизнесті қолдауға БТА Банкіне 25 ақпанда 4 теңдей траншпен 22 млрд. теңге бөлінді. Орналастыру ставкасы жылдық 8,0%, тиімді кредит ставкасы – 12,5%. Қазір банк бұл бағдарлама бойынша 5,3 млрд. теңгені игерді.

Баспасөз мәслихатына қатысқан журналистерді негізінен сыртқы қарыз талаптарын өзгерту мен шетелдік заемдарды мерзімінен бұрын өтеу туралы сауалдар қызықтырды. 

  • Біз ағымдағы ішкі және сыртқы міндеттемелеріміздің бәрін орындадық және әрі қарай орындап келеміз. БТА Банкі әрі қарай да барлық міндеттемелерін орындай береді, бірақ кестеге сәйкес, дәлірек айтқанда оны төлеу мерзімі келгенде жүзеге асырады. Банк пен оның негізгі акционері "Самұрық-Қазынаның "негізгі позициясы осы», - деп атап өтті А. Дунаев.

 БТА Банкінің акциялар пакетінің сатылу мүмкіндігі туралы Жинақ банкімен жүргізілген келіссөздерге қатысты Директорлар Кеңесінің Төрағасы қазір бұл мәселе талқыланып жатқанын және KPMG компаниясының аудиторлік тексеруі аяқталғаннан кейін нақты шешілетінін атап өтті.  

 Ислам банкингін дамыту мәселесіне түсініктеме берген А.Дунаев бизнестің бұл бағытын дамытуға банктің зор мүмкіндіктері бар екенін және БТА-ның серіктес исламдық банктерінің техникалық көмегін пайдаланып банк исламдық қаржыландыру бойынша нарық үлесін арттыруды көздейтінін айтты.  

БАҚ-ты банктің және оның еншілес құрылымдарының әрі қарай даму стратегиясы да қызықтырды. Негізгі еншілес кәсіпорындарға қажетті барлық қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл сақтандыру тобын, зейнетақы қорын және Темірбанкті де қамтиды. А. Дунаевтың айтуынша, бұл шетелдегі еншілес компанияларға да қатысты. Бұрынырақ атап өткеніміздей, Директорлар Кеңесінің Төрағасы қол қойылған тарихи келісімдерге сәйкес Шекербанкті қосымша капиталдандыру туралы шешім қабылдады. 
Ұзақ мерзімді перспективаға келер болсақ, Директорлар Кеңесінің Төрағасы атап өткеніндей, банк үшін стратегиялық серіктес іздеу басымдықты болып табылады. Мемлекеттің банкте ұзақ уақыт қалу ниеті жоқ.

 

  • Біз ешқашан алдымызға мұндай мақсат қойған емеспіз. Оның үстіне біз Жинақ банкімен немесе басқа стратегиялық инвестормен бір бәтуаға келетін болсақ, мемлекеттің өзіне тиесілі акциялар пакетін сатуға талпынары сөзсіз.

 Баспасөз мәслихатына 42 БАҚ: 6 ақпарат агенттігі, 14 телеарна мен радиостанция, 20 баспасөз және 2 алыс шетелдік БАҚ қатысты.