Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінде алғашқы әлеуметтік ипотекалық несие қайта қаржыландырылды

30.03.2009 /  Баспасөз-қызметі 

30 наурыз күні “БТА Банкі” АҚ Басқарма Төрағасы Әнуар Сәйденов ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыру туралы мемлекеттік бағдарлама аясында БТА Банкінің №1 клиентіне сертификат тапсырды.

ҚазМемҚызПУ-дің оқытушысы Алиева Светлана Бердібекқызы “Әлеуметтік” санаты бойынша ипотекалық заемы бірінші болып қайта қаржыландырылған алғашқы заемшы болып табылады. Бұл клиент ипотекалық кредитті 2006 жылы алған және мерзімі өткен берешегі болмаған.

Сонымен қатар “БТА Банкі” АҚ ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға екі депозитке - БТА Банкі үшін және БТА Ипотека үшін 28 млрд. және 12 млрд. теңгеден 40 млрд. теңге алды. Бұл қаржыны маусым айының ортасына дейін игеру жоспарланып отыр.

Аталмыш бағдарлама аясында шамамен 300 млн. теңгенің 66 өтінімі мақұлданды. Жалпы сомасы 1,9 млрд. теңге болатын 466 өтінім қаралуда. Жалпы сомасы 14,8 млрд. теңге барлығы 3644 өтінім келіп түсті, ол өтінімнің 24 пайызы “әлеуметтік” статусына үміткерлер.

БТА Банкі аталмыш бағдарлама аясындағы заемшылардың әлеуетті саны шамамен 11 000 кредит болады деп бағалап отыр.

Анықтама алу және кепілдіктерді тіркеу үдерісін оңтайландыру үшін БТА Банкі алғашқылардың бірі болып Халыққа қызмет көрсету орталығымен серіктестік жасай бастады. Атап айтқанда, қазірдің өзінде 19 филиалда БТА Банкі бөлімшесінің базасында мобильді ХҚО ашылды.

БТА тобы ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшылардың бірі. “БТА Банкі” АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда, БАӘ-де және Ұлыбританияда жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 279 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (787) мен өз-өзіне қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкінде шамамен 1,3 млн. жеке және 150 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
“БТА Банкі” АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@bta.kz