Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

“БТА Банкі” АҚ 2009 жылғы қаңтар-ақпан айларында Қарағанды облысындағы шағын кәсіпкерлікті несиелендіру бойынша нарықтағы үлесін 7,8% -ға арттырды

01.04.2009 /  Баспасөз-қызметі 

БТА Банкі үстіміздегі жылдың алғашқы екі айында Қарағанды облысында шағын және орта бизнесті несиелендіру бойынша нарықтағы үлесін 7,8% -ға арттырып, 01.03.09 ж. 39,73%-ды иемденді. Сонымен БТА Банкінің Қарағанды облысы бойынша ШОБ несие портфелі бүгінгі таңда 40,4 млрд. теңгені құрады.

Жалпы 01.01.09-дан 01.03.09 жылға дейінгі аралықта БТА Банкі аймақтарда ШОБ-ты несиелендіру бойынша нарықтағы үлесін 17,6% -дан 18,4%-ға дейін ұлғайтты. 31.03.09 жылдағы банктің ШОБ несие портфелі 223,3 млрд. теңгені құрады.

Сонымен қатар 01.01.09 жылдан бүгінгі күнге дейін БТА Банкі ШОБ-ке 58,5 млрд. теңге соманың 5,2 мың кредитін берді, соның ішінде Қарағанды облысының филиалдары бойынша 12,97 млрд. теңге соманың 1,1 мың кредитін берді.

Қазір БТА Банкінде 52 мың ШОБ клиенттеріне қызмет көрсетіледі, оның 5,3 мыңы Қарағанды облысы бойынша.

Бұл жөнінде “БТА Банкі” АҚ Басқарма Төрағасы Әнуар Сәйденовтің Қарағанды облысының әкімі Н. Нығматулинмен, сондай-ақ “Даму” ОДҚ” АҚ, “Атамекен” кәсіпкерлер одағы және аймақтың бизнес ассоциациясының өкілдерімен болған кездесуі кезінде атап өтілді.

“БТА Банкі ШОБ-ты қолдау аясында мемлекеттік қаржыны тарату бойынша негізгі оператор болып табылады. “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ, БТА Банкі мен “Даму” ОДҚ арасындағы негізгі келісімге сәйкес банкке 22 млрд. теңге бөлінді, олар жаңа жобаларды қаржыландыруға және бұрын алған несиелерді қайта қаржыландыруға пайдаланылатын болады”, - деп мәлімдеді кездесу кезінде Ә. Сәйденов.

Банк басшысы мемлекеттік бағдарлама аясында 31.03.09 ж. БТА Банкі 13,7 млрд. теңге (871 кредит) немесе бөлінген қаржының 62,6%-ын игергенін, дәлірек айтқанда, 6,5 млрд. теңгенің 730 кредиті берілді және 7,3 млрд. теңге сома болатын 141 кредит беріледі деп бекітілді.

Қарағанды облысы бойынша 2,57 млрд. теңге (123 кредит) немесе бөлінген қаржының 68%-ы игерілді. Осылайша 1,2 млрд. теңгенің 87 кредиті берілді және 1,4 млрд. теңге соманың 36 кредиті беріледі деп бекітілді.

Қарағанды облысына іссапармен барған Ә. Сәйденов БТА Банкінің “Қазақмыс корпорациясы” ЖШС, “Қарағанды түсті металл” ӨБ, “Аманат” ЖШС, “Common Market” ЖШС, ‘Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті” РМҚК, “Қарағанды техникалық университеті” РМҚК, “Қарағанды экономикалық университеті” ҰУ сияқты ірі клиенттерімен де кездесті.

БТА тобы ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшылардың бірі.
“БТА Банкі” АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда, БАӘ-де және Ұлыбританияда жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 279 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (787) мен өз-өзіне қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкінде шамамен 1,3 млн. жеке және 150 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
“БТА Банкі” АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@bta.kz