Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» Алматы филиалы “Cash & Pay” төлемдерді қабылдау терминалдары “I-Payment” жаңа бағдарламалық платформаға көшірілді.

07.04.2009

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Алматы филиалының клиенттері “Cash & Pay” төлемдерді қабылдау құрылғыларының кеңейтілген мүмкіндіктерін пайдалана алады: төлем картасынан төлем жасау, салықтарды, ЖП айыппұлдарын және тағы басқаларды төлеу.

Жаңа платформа арқылы қазақстандық банктердің алғашқыларының бірі болып БТА Банкі клиенттерге банк шығарған төлем карточкаларынан әр түрлі қызмет жеткізушілердің (коммуналды төлемдер, кабельді ТВ операторлары және ұялы байланыс) және мемлекеттік органдардың (салықтық төлемдер, Жол полициясы айыппұлдары) пайдасына қолма-қол ақшасыз төлемдерді жасау мүмкіндігін ұсынады.Сондай-ақ өте маңызды жаңалық БТА клиенттеріне сөзсіз ұнауы тиіс, ол – қызметтер үшін қағаз бетіндегі шоттарды күтпей-ақ, жеткізушілердің қызметтері (мысалы, коммуналды қызметтер) үшін ақы төлеу мүмкіндігі. Енді төлем шотын терминал экранынан көруге болады – ол үшін клиент өзінің дербес шотының нөмірін енгізуі тиіс.

“I-Payment” жаңа платформасы бар терминалдардың кеңейтілген мүмкіндіктері жөнінде толығырақ мына жерден білуге болады.

“Cash & Pay” терминалдары платформасын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы бойынша барлық терминалдарды жаңарту жоспарланып отыр.