Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

“БТА Банкі” АҚ UBS Investment Bank-ті қаржы кеңесшісі етіп таңдады

09.04.2009 /  Баспасөз-қызметі 

Голдман Сакс Груп, Инк. (The Goldman Sachs Group, Inc.) халықаралық компаниясымен қатар UBS Investment Bank “БТА Банкі” АҚ-ның қаржы кеңесшісі болып тағайындалды.

UBS Investment Bank құнды қағаздар операциялары бойынша әлемдегі жетекші активтер менеджері, инвестициялық банк және компания болып табылады. Швейцарияда UBS бөлшек сауда және коммерциялық банктік қызметтер нарығында көшбасшылық дәрежені иеленеді. UBS Investment Bank-тің Цюрих пен Базельде (Швейцария) штаб-пәтерлері, сондай-ақ әлемнің 50-ден астам елінде және барлық халықаралық орталықтарда өкілдіктері бар. Дүние жүзі бойынша UBS-тің қызметкерлер штаты 75 000- нан асады.

БТА тобы ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшылардың бірі.

“БТА Банкі” АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда, БАӘ-де және Ұлыбританияда жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 279 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (787) мен өз-өзіне қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкінде шамамен 1,3 млн. жеке және 150 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
“БТА Банк” АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
8 701 331 05 85
e-mail: shamova@bta.kz