Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

“БТА Банкi” АҚ сауданы қаржыландыру саласындағы екі мәмілесі үшін “Best Deals of 2008” және “Deal of the Year 2008” наградаларымен марапатталды

15.04.2009 /  Баспасөз-қызметі 

Сауданы қаржыландыру саласындағы екі беделді басылым - Trade Finance пен Global Trade Review-тің ұсынуымен БТА Банкінің бірден екі мәмілесі “Best Deals of 2008” (Үздік мәміле) және “Deal of the Year 2008” (Жыл мәмілесі) наградаларына лайықты деп танылып, дүние жүзі бойынша аталмыш журналдар тағайындаған 98 награданың 4-еуін иеленді.

Атап айтқанда, БТА Банкінің 43,68 млн. АҚШ доллары сомасына Оңтүстік Қазақстан облысындағы “Стандарт Цемент” ЖШС компаниясының цемент зауыты құрылысын қаржыландыруы үздік мәміле деп танылды. Оның құрал-жабдықтарын жеткізуші Тяньцзин цемент өнеркәсібін ғылыми-зерттеу институты (Қытай Халық Республикасы).

Аталмыш жоба бойынша “Best Deals of 2008” және “Deal of the Year 2008” наградаларын тағайындауда келесі негізгі критерийлер басты назарға алынды:

  • БТА Банкі ҚХР Үкіметінің Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдерге арналған жеңілдікті несиелендіру бағдарламасы аясында Қытайдың Экспорттық-импорттық банкімен (the Export-Import Bank of China) мәміле жасаған Қазақстандағы тұңғыш коммерциялық банк;
  • қаржыландыру негізгі борышты төлеуде жеңілдікті кезеңмен 6 жыл мерзімге тиімді ставка бойынша берілді. Бұл зауыт ашылғаннан кейін және цемент өнімдерінің алғашқы сатылымынан кейін қаражатты кредит төлеуге шоғырландыру үшін уақытша қор жасауға мүмкіндік беріп, компанияға түсетін қаржылай салмақты азайтады.

БТА Банкі халықаралық блогының басқарушы директоры Тимур Сабырбаев: “Аталмыш мәміленің жүзеге асуы Қазақстан Республикасы мен Қытай арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың дамуына игі ықпалын тигізеді, сондай-ақ БТА мен Эксим банк арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастырудың тұғырнамасын жасайды, дәлірек айтқанда, қазақстандық компаниялар үшін тиімді шарттармен және барынша қысқа мерзімде мәмілелер құрылымдауға септігін тигізеді”, - деп атап өтті.

“Цемент зауытының құрылысы жобасын қаржыландыру үшін біз сенімді серік ретінде БТА Банкін таңдап алдық, өйткені ол ТМД аумағындағы ең инновациялы болып табылады және олар компанияға тиімді шарттармен қаржыландырудың икемді құрылымын ұсынды”, - деді “Стандарт Цемент” ЖШС директоры Бауыржан Сейітжанов.

Сонымен қатар “Best Deals of 2008” және “Deal of the Year 2008” наградаларымен БТА Банкінің 15,6 млн. еуро сомаға Тульск облысындағы (Ресей) “Алексинское стекло” шыны ыдыс зауытының құрылысын қаржыландыру бойынша мәмілесі де марапатталды.

Зауытқа құрал-жабдықтар әртүрлі елдерден жеткізілгендіктен қаржыландыруды бірнеше банк Италия мен Францияның Экспорттық Кредиттік Агенттіктерінің 7 жылға сақтандыру орнын толтыруымен бәсекелестік шарттар бойынша ұсынды, бұл аталмыш мәмілені 2008 жылдың қорытындысы бойынша үздік мәміле деп атауға мүмкіндік берді.

“Ағымда ықтимал маңызды мәселелерге икемді қатынас жасап және оларды тез әрі тиімді шешу, сондай-ақ кәсіби білікті менеджерлер құрамының ұйымшылдығы БТА Банкін біздің серіктесіміз ретінде таңдауда еш күмәнданбауымызға мүмкіндік береді”, -деді “Алексинское стекло” ЖАҚ Бас директоры Сергей Никонов.

5 жыл ішінде банк алатын аталған наградалар БТА Банкінің әлемдік қаржы нарығындағы тұрақсыздық кезінде аса маңызды әрекеттердің бірі - транзакцияларды құрылымдау үдерісіне инновациялық қарым-қатынас жасайтынын және инвесторлық қорды әртараптандыруын көрсетеді.

БТА Банкі 2008 жылы клиенттердің жобаларын қаржыландыруды тарту үшін сыртқы нарықтарға белсенді шығып, әлемдік дағдарыс кезінде банк клиенттерінің өз жобаларын жүзеге асыруларына және қаржыландыруды үздік шарттармен алуларына мүмкіндік берген аймақтағы санаулы банктердің бірі.

БТА тобы ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшылардың бірі.

“БТА Банкі” АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда, БАӘ-де және Ұлыбританияда жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 274 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (787) мен өз-өзіне қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкінде шамамен 1,2 млн. жеке және 130 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
“БТА Банкі” АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
8 701 331 05 85
e-mail: shamova@bta.kz