Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Маңғыстау облысындағы БТА Банкі шағын және орта бизнесті қолдауға мемлекет бөлген қаржының 90 пайызға жуығын игерді

22.04.2009 /  Баспасөз-қызметі 

20.04.09 ж. жай-күйі бойынша БТА Банкі 18,98 млрд. теңгені (592 жоба) игерді, бұл Үкіметтің еліміздің экономикасын тұрақтандыру жөніндегі дағдарысқа қарсы бағдарламалары аясында шағын және орта бизнесті (ШОБ) қолдауға “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры бөлген қаржының 86,3 пайызын құрайды.

Атап айтқанда, банктің Маңғыстау филиалы 0,7 млрд. теңгені (27 жоба) немесе филиалға бөлінген қаржының 89,7%-ын игерді, нақтырақ айтқанда, 0,18 млрд. теңге соманың 12 жобасы қаржыландырылып, 0,52 млрд. теңге соманың 15 жобасы мақұлданды.

Бұл жөнінде бүгін БТА Банкінің Басқарма Төрағасы Әнуар Сәйденовтің Маңғыстау облысының әкімі Қ. Көшербаевпен және аймақтың бизнес-элитасымен болған кездесу кезінде мәлім болды.

“БТА Банкі ШОБ-ты қолдау аясында мемлекеттік қаржыны тарататын негізгі оператор ретінде таңдап алынды. ”Самұрық-Қазына” ҰӘҚ, БТА Банкі мен “Даму” КДҚ арасындағы негізгі келісімге сәйкес банкке 22 млрд. теңге бөлінді, бұл қаржы жаңа жобаларды қаржыландыруға және бұрынғы заемдарды қайта қаржыландыруға жұмсалатын болады”, - деп мәлімдеді кездесу кезінде Ә. Сәйденов.

Аталмыш кездесу аясында 2002 жылдан бері банктің клиенті болып табылатын “Бек Транс” ЖШС-імен “Даму” КДҚ қаржысына заемды қайта қаржыландыру туралы кезекті Келісімге қол қойылды. Кредит желісінің жалпы сомасы 241 млн. теңгені құрады, қаржыландыру мерзімі – 84 айға дейін, сыйақы ставкасының жылдық пайызы 11,6-12,5%.

Маңғыстау облысына сапары кезінде Ә. Сәйденов компаниялармен, банктің ірі клиенттерімен, атап айтқанда, “МАЭК-Қазатомпром” ЖШС-мен “Каспий аймақтық машина жасау кешені” ЖШС-мен, “Қаражанбасмұнай” АҚ-мен де кездесті.

Сонымен бірге 01.01.2008 жылдан 01.03.2009ж. аралығында БТА Банкі ШОБ-ты несиелендіру бойынша республикамыздағы нарық үлесін 17,6%-дан 18,4%-ға дейін арттырды, оның ішінде Маңғыстау облысы бойынша 1,64%-дан 10,76%-ға жетті. Банктің ШОБ блогының несие портфелі 20.04.2009ж. 221,3 млрд. теңгені құрады.

Бүгінгі таңда БТА Банкінде 52 мыңнан астам клиентке – ШОБ субъектілеріне, оның ішінде Маңғыстау облысы бойынша 2,2 мыңнан астам клиентке қызмет көрсетіледі. Заемшылардың жалпы саны 13 мың, оның ішінде Маңғыстау облысы бойынша - 498.

“БТА Банкі” АҚ Маңғыстау филиалы (МФ) 1999 жылғы 17 наурыздан бері қызмет етіп келеді және бүгінгі таңда клиенттерге банк өнімдері мен қызметінің кең түрін ұсынатын тоғыз бөлімшесі жұмыс істейді. Банкте 202 клиент кәсіпорынға жалақы жобасы бойынша қызмет көрсетіледі. Филиалдың аймақтың әр нүктесінде орналасқан кеңейтілген банкоматтар желісі (36) бар.

МФ депозиттер көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 32 пайызға ұлғайып, 01.01.2009 ж. 13,3 млрд. теңгені құрады. Сонымен жеке тұлғалар талап еткенге дейінгі депозиттер нарығындағы үлесі жыл басында 27,4%-ды, жеке тұлғалардың жедел салымдары 22,3%-ды құрады. МФ-да 45 мыңнан астам клиентке қызмет көрсетіледі, клиенттік қор өсімі 2007 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 60%-ды құрады.


БТА тобы ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшылардың бірі.

“БТА Банкі” АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда, БАӘ-де жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 274 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (787) мен өз-өзіне қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкінде шамамен 1,2 млн. жеке және 130 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Татьяна Фомичева,” «БТА Банкі” АҚ МФ маркетологы.
Тел.: 300-728
e-mail: tatiyana_f@bta.kz