Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі қарызды басқарудың кредиторлармен келісілген бағдарламасы қабылданғанға дейін өз міндеттемелері бойынша негізгі қарыздарды төлеуді тоқтатады

24.04.2009 /  Баспасөз-қызметі 

“БТА Банкі” АҚ-ына бірнеше кредитордан сыртқы борыштарды мерзімінен бұрын қайтару жөнінде талап келіп түсті.

БТА өзінің барлық кредиторларға тең дәрежеде қарайтынын, сондай-ақ қарызды жабу олар белгілеген мерзімге сәйкес жүзеге асырылатынын бірнеше мәрте және дәйекті түрде мәлімдеген болатын.

Банктің өзінің қарыздық міндеттемелерін мерзімінен бұрын орындауы туралы талап алуына байланысты БТА Банкі қарыздың негізгі төлемдерінің барлық түрлерін, оның ішінде 20 сәуір, дүйсенбі күні төлеу мерзімі жеткендерін де тоқтату жөнінде шешім қабылдады.

Бұл шара Банк барлық кредиторлармен және инвесторлармен ағымдағы борыштарды басқарудың негізделген, мөлдір және тиімді бағдарламасын келісіп, оны жүзеге асырғанға дейін өз күшін жоймайды.

Бұл қадамға БТА Банкі барлық кредиторлармен бейтарап қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін барып отыр.

БТА Банкі өзінің қаржылық міндеттемелерін, сондай-ақ банктің қалыпты қызметін қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар басқа да төлемдерді төлем мерзімдері келген кезде пайыздық үстемелер қосып төлеуді жалғастырады.

“БТА Банкі инвесторлармен барынша жемісті диалог құруға ұмтылады, - деп атап өтті “БТА Банкі” АҚ Басқарма Төрағасы Әнуар Сәйденов. – Бірақ соңғы күндергі оқиғалар бізге басқа жол қалдырмай отыр. Бір кредитордың борыштарды тез арада қайтару туралы талабы басқалардың да осындай шарттар қоюына құқық береді. Банктің өзінің барлық сыртқы борыштарын бір сәтте қайтарып тастауға мүмкіндігі жоқ, соған байланысты біз өзіміздің қаржылық кредиторларымызға негізгі борыштарды төлеуді тоқтатамыз.

Инвесторлар үшін қосымша ақпарат алдағы аптада таратылады, ал нақты уақыт белгіленген тәртіп бойынша хабарланатын болады.

Банк өзінің тәуелсіз инвесторларымен және заң кеңесшілерімен бірге банкке модификация жоспарын құрылымдауға ықпал ету үшін Банк Тобының жағдайын зерттеп жатқанда “Самұрық-Қазына” ҰӘАҚ БТА Банкінің басты акционері ретінде БТА Тобы қызметіне қолдау көрсетуді жалғастыруда.

БТА тобы ТМД аумағындағы көшбастаушы банк желілерінің біріі. “БТА Банкі” АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда, БАӘ-де жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 279 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (787) мен өздігінен қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкі 1,2 миллиондай жеке және 130 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетеді.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
“БТА Банкі” АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
8 701 331 05 85
e-mail: shamova@bta.kz