Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ бидайды қайта өңдейтін және ұн шығаратын компанияларды қаржыландырады

30.04.2009 /  Баспасөз-қызметі 

«БТА Банкі» АҚ агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасы аясында (АӨК) «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қаржысының есебінен бидайды қайта өңдейтін және ұн шығаруға мамандандырылған компанияларды, оның ішінде «Алматы ұн комбинаты» мен «Сұлтан элеватор-диірмен-макарон кешені» АҚ-ын қаржыландырады.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ жүзеге асыратын өңдеуші агроөнеркәсіптік кешенге арналған бағдарлама бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы 11 млрд. теңгеден асады, қаржыландыру мерзімі – 14 ай, заемшыға арналған соңғы тиімді ставка 12,5 пайыздан аспайды.

Бүгінгі таңда бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын АӨК (ірі бизнес) өкілдеріне арналған қаржыландырудың бірден бір бағдарламасы болып табылады.

Сонымен қатар БТА Банкі өз қаржысының есебінен аталмыш компанияларға жалпы сомасы 466 млн. теңге қосымша қаражат бөлді, атап айтқанда, Алматы ұн комбинатына бидай мен арпа сатып алуға 410 млн. теңге, ал Сұлтан ЭДМК-не астық сатып алуға 56 млн. теңге бөлді.

БТА Банкі бөлген бұл қаржы заемшыға түсетін қаржылай салмақты азайтуға және айналым қаражатының қажетті көлемін ұстауға мүмкіндік береді, нәтижесінде бұл компания шығаратын соңғы өнімнің бағасын белгілеуге оң ықпалын тигізеді.

Ұн өндірісі мен сату бойынша Алматы нарығындағы «Алматы ұн комбинаты» ЖШС-ының үлесі 40 пайызды құрайды. Компания ірі кондитерлік фабрика мен макарон фабрикасына және нан-тоқаш зауытына ұн жеткізеді.

«Сұлтан элеватор-диірмен-макарон кешені» АҚ жұмысының негізгі бағыты - Қазақстан нарығының 80 пайызын иемденетін қораптағы «Сұлтан» маркасындағы макарон өнімдерін шығаруға арналған ұн мен жарма өндіру болып табылады.

БТА тобы ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшылардың бірі.
«БТА Банкі» АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда, БАӘ-де жұмыс істейді.

«БТА Банкі» АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 274 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (787) мен өз-өзіне қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкінде шамамен 1,2 млн. жеке және 130 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіледі.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
“БТА Банкі’ АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
8 701 331 05 85
e-mail: shamova@bta.kz