Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі Шығыс Қазақстан облысындағы минералды мақта өндіретін зауытты қаржыландырды

30.04.2009 /  Баспасөз-қызметі 

2009 жылғы 30 сәуір күні Өскемен қаласы маңындағы Глубокое кентінде қайта жаңарту жұмыстарынан кейін қуаттылығы жылына 30 млн. тонна минералды мақта мен минералды мақта өнімдерін өндіретін зауыттың ашылу салтанаты болды.

“Восток-Универсал” ЖШС жобасының жалпы сомасы 27, 5 млн. АҚШ долларын құрайды, оның 17,5 миллионын БТА Банкі бөлді. Қаржыландыру зауытты жаңартуға, құрал-жабдықтар сатып алуға, Қараөзек кен орнынан габбро-диабаз өндіру жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ айналым қаражатын толықтыруға арналды.

Зауыт минералды мақтаны минералды мақта мен қалдықтарға қарағанда сапасы жоғары және мінсіз экологиялық қасиеті бар тау жыныстарын пайдаланып өндіреді. Тастан жасалған минералды мақта жылу мен дыбыс өткізбеу үшін, сондай-ақ өртке қарсы қорғаныс үшін ең үздік материалдардың бірі болып табылады. Өзінің жылу өткізбейтін тиімділігі жағынан қалыңдығы 5 см. минералды мақта қабаты 70 см. кірпіш қалауымен пара-пар.

Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында сапасы мен өндіріс қуаттылығы жағынан бұған тең келетін өнім жоқ. “Восток-Универсал” ЖШС ашылғанға дейінгі минералды өнімдерге деген сұраныс негізінен Ресей Федерациясынан келетін 100 пайыз импорттың есебінен өтелетін.

БТА тобы ТМД аумағындағы көшбастаушы банк желілерінің бірі.
“БТА Банкі” АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ-де жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 279 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (787) мен өздігінен қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкі 1,3 миллиондай жеке және 150 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетеді.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
“БТА Банкі” АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
8 701 331 05 85
e-mail: shamova@bta.kz