Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің Басқарма Төрағасы Әнуар Сәйденов баспасөз мәслихатын өткізді

30.04.2009 /  Баспасөз-қызметі 

30 сәуір күні БТА Банкінің бас ғимаратында Ә. Сәйденов негізгі сыртқы қарыздарды уақытша тоқтатуға қатысты банктің жағдайына түсініктеме беріп, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

- Біз 20 сәуірден бастап негізгі борыштық міндеттемелеріміз бойынша барлық төлемдерімізді тоқтататынымыз жөнінде мәлімдедік, - деп еске салып өтті Ә. Сәйденов.

Бұлар еурооблигациялар, синдикатталған заемдар мен екіжақты заемдар. Бұл ретте біз пайыздық төлемдерді төлеуді жалғастырамыз.

Бұл бақылаудың ауысуы мен рейтингтің түсуі ковенанттар негізінде мерзімінен бұрын төлеу туралы кредиторлар тарапынан түскен екі талапқа байланысты. Бұл кредиторлардың бірі Morgan Stanley болып табылады.

Төлеу талап етілген міндеттемелердің жалпы сомасы 550 миллион доллар. Біз акционерлермен бірге егер қарыздар шұғыл түрде төленетін болса, онда кредиторлармен тең дәрежеде қарым-қатынас жасау принципі бұзылады және орындалмайтын барлық сыртқы қарыздарды бір уақытта төлеу ұсынысының тәуекелдігі туындайды деп есептейміз.

Сонымен қатар Ә. Сәйденовтің атап өткеніндей, банктің ликвидтік жағдайы тұрақты. Клиенттердің тапсырыстарын орындауға, олардың операцияларын жүзеге асыруға және салымшылардың қаржысына айтарлықтай қауіп жоқ.

Банк экономиканы қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша тұрақты жұмыс істеуін жалғастырады. 29 сәуір күнгі жай-күйі бойынша банк ШОБ-ты қолдаудың үшінші траншын игерді. Оның үстіне банктің ШОБ-қа берген қаржысы мемлекет бөлген қаржыдан асып түсті, дәлірек айтқанда, БТА 23,760 млрд. теңге қаржы берді, ал транш 22 млрд. теңгені құрады.

Ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша бүгінгі таңда банк 9 млрд. теңгені игерді, бұл БТА-ға бөлінген қаржының 32,3%-ын құрайды. Ә. Сәйденовтің айтуынша, бұл бағдарлама бойынша қаржыландырудың жалпы көлемінің 75%-ын мамыр айының соңына дейін игеру жоспарланып отыр.

Кездесуге қатысқан журналистердің кредиторлармен жүргізілген келіссөздер туралы сауалдарына жауап берген Әнуар Сәйденов:

- Сыртқы борыштарды әрі қарай төлеу туралы ұсыныс банктің қаржы кеңесшілерінің талқысынан кейін шамамен мамыр айының ортасынан бастап жүзеге асырылатын болады,- деп атап өтті.

Сонымен қатар Ә. Сәйденов банктің келіссөздер үдерісін орталықтандырып немесе оңтайландыру жөнінде ұсыныс алғанын да тілге тиек етті. Осылайша кредиторлар бірлескен немесе жекелеген комитет құруы мүмкін.

БТА Банкіне дефолтты білдіретін D рейтингінің берілуіне байланысты сұраққа түсініктеме берген Басқарма Төрағасы дефолт пен банкроттық мағынасын дұрыс ажырата білу керектігіне тоқталды.

- Көпшілік оларды теңестіреді. Шын мәнінде банкроттық – бұл қарызгердің қарызды өтеуге шамасының жоқтығы - кредиторлардың талабын толық қанағаттандырады. Дефолт болса заемшының төлем міндеттемелерін бұзуын білдіреді. Бұл заңдылық анықтама, дефолт банкроттыққа жақын деген сөз емес.

Тағы да қайталап айтамын, қазір банктегі жағдай тұрақты, барлық міндеттемелер орындалуда. Оның үстіне экономиканың нақты секторын қолдау туралы мемлекеттік бағдарлама сәтті аяқталды. Жоспарланғаннан да көп қаржы игерілді.

Сонымен бірге баспасөзді Мәскеу мен Киевтегі БТА Тобына кіретін банктің атауының өзгеруі де қызықтырды.

- БТА Банк (Қазақстан) сот арқылы украиндық және ресейлік БТА Банктердің шешімдерінің заңсыз екендігін дәлелдейміз, - деп атап өтті Ә. Сәйденов. Бұл әрі қарай заң саласының мәселесі, сондықтан да біз акционерлік жиналыстардың шешімін, украиналық және мәскеулік банктердегі БТА Банктің үлесінің қалай қаралып жатқанына сәйкесінше жауап қайтардық. Әңгіме БТА Банкінің үлесі қалай және қандай көлемде бағаланып жатқаны мен бұл орайда осы акционерлік жиналыстардың шешімдерінің қаншалықты заңды екеніндігінде. Біз өзіміздің кеңесшілеріміз арқылы Украина мен Мәскеуге заңды шағым-талап жібердік. Әрине, бұл жағдайлар туралы біз реттеушілерді де, Украинаның Ұлттық банкі мен Ресейдің Орталық банкін де хабардар еттік.

Басқарма Төрағасының айтуынша, БТА Банкі акционерлерінің сот арқылы 3 млрд АҚШ долларын талап етіп Қазақстанға шағым түсіруі мәселесі де халықаралық сот арқылы шешілетін болады.