Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі ардагерлерді Ұлы Жеңістің алпыс төрт жылдық мерекесімен құттықтады

06.05.2009 /  Баспасөз-қызметі 

БТА Банкінің Басқарма Төрағасы Әнуар Сәйденов Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесті. Ардагерлерді келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтап, оларға ақшалай сыйлықтар тапсырды.

Кездесуге шақырылған ардагерлердің барлығы Промстройбанк пен Внештогрбанктің, “ТұранӘлем” банктің және қазіргі БТА Банкінің бұрынғы қызметкерлері болып табылады.

Атап айтқанда, Басқарма Төрағасымен кездесуге “Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген экономисі” Құрметті атағының иегері, майдангер Мырзағалиев Ғымран Есешұлы шақырылды. Ол 1971 жылдан 1989 жылға дейінгі аралықта, яғни 20 жылға жуық уақыт КСРО Стройбанкінің Қазақстандағы республикалық кеңсесін басқарды. БТА Банкінің Алматы қаласындағы Әйтеке би, 55 және Қонаев, 66 көшелеріндегі, сондай-ақ Қазақстанның облыс орталықтарындағы ғимараттардың барлығы дерлік осы жылдары салынған.

БТА Банкі өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі аясында Ұлы Жеңістің алпыс төрт жылдық мерекесіне орай бүгінгі таңда Алматыда барлығы 70-ке жететін тыл еңбеккерлері мен соғыс ардагерлері - банктің бұрынғы қызметкерлеріне ақшалай сомалар төледі.

Сонымен қатар БТА Банкі жыл сайынғы дәстүрі бойынша бүгінде жалпы саны 8000 адамнан асатын ҰОС ардагерлері - банктің салымшыларын Жеңіс күнімен құттықтады. Ардагерлердің әрбіріне ақшалай сыйлықтар тапсырылды.

БТА тобы ТМД аумағындағы көшбастаушы банк желілерінің бірі.
“БТА Банкі” АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ-де жұмыс істейді.

“БТА Банкі” АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 274 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (787) мен өздігінен қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкі 1,2 миллиондай жеке және 130 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетеді.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
“БТА Банкі” АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
8 701 331 05 85
e-mail: shamova@bta.kz