Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ салымшыларға «Тиімді бағам» жаңа депозитін ұсынады.

13.05.2009

2009 жылдың сәуір айынан бастап БТА Банкінің депозиттер тізімі нарықта бірегей саналатын «Тиімді бағам» мультивалюталық салымымен толықтырылды. Теңгені АҚШ долларына немесе еуроға айырбастау кезінде клиент жеңілдікті бағам есебінен салым сомасына қосымша табыс алады.

Депозитке 6 ай мерзіміне қаржы орналастыру кезінде салымшыға айырбастау бағамының 1%-ы көлемінде жеңілдік ұсынылады. Егер клиент 12 айға депозит ашатын болса, онда жеңілдік 2%-ға дейін ұлғаяды.

- Клиент «Тиімді бағам» депозитіне бір жылға 300 мың теңге салуды, ол соманы АҚШ долларына айырбастауды көздейді делік, - деп «БТА Банкі» АҚ Кредиттік емес өнімдерді дайындау бөлімінің бастығы Дина Кажимова түсіндіреді. – Депозитті ресімдеу күні доллар бағамы бір доллар үшін 150 теңгені құрайды, ал 2%-ын шегерген кезде, айырбастау 147 теңге бағамы бойынша жүргізіледі. Бағамдағы айырмашылық 40 долларды құрайды, ол салымның негізгі сомасына қосылады.

Сыйақыны ай сайынғы капиталдандыру немесе сыйақыны ай сайын алу/ карт-шотқа аудару.

Тиімді бағам – Маңызды артықшылық!